Білім беру ұйымының атауы
|
222 мектеп
|
Пәні:
|
Қазақстан тарихы
|
Бөлім:
|
Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Бисембина Камшат Ақьанқызы
|
Күні:
|
15.02.2022 ж.
|
Сынып: 8
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар
Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты? 2-сабақ
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;
8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау
|
Сабақтың мақсаты
|
20 – 30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын анықтайды Әлеуметтік топтарға қатысты жүргізілген кеңестік саясатты талдайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Галереяға саяхат
Сталин мен саяси репрессияны бейнелейтін плакаттар мен фотосуреттерді қарастырады, сұрақтарға жауап береді:
Суреттерде қандай байланыс бар?
Қандай кереғарлықты көріп тұрмыз?
Идология аңғарыла ма?
Неге Сталинді мадақтайтын плакаттар
шығарған деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады, талқыланады.
Тарихи концепт (фокус): себеп-салдар
Жаңа сөздермен жұмыс.
АЛЖИР
Ассимиляция
Жеке басқа табыну
ҚАРЛАГ
Репрессия
Степлаг
Тоталитарлық жүйе
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушылар дәптерге жаңа сөздердің анықтамасын жазады
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ Мадақ
тау
|
Таратпа суреттер
Тақырып
тық суреттер
Слайд 1
|
Жаңа білім
|
Мағынаны тану
М. Дулатұлы мен А. Байтұрсыновтың сөздері:Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты. (М.Д.)
«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, - дедім, - сен де қатарыңнан қалыспа!»
Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым?
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асып, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны. (Ахмет Б.)
-ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларын көп алаңдатқан қандай мәселелер?
-Қазақ зиялыларының бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?
|