9-10 практикалық сабақтар тақырыбы


Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет



бет11/14
Дата17.10.2023
өлшемі71,16 Kb.
#116916
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
19 ғасыр 204 (копия) (копия)

3.Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет.

Біз әрдайым түркі әлемінің ортақ ұлы тұл­­­ғаларына қарыздармыз…


Қазақ ғылымы мен ұлттық ой-пі­кі­рі­нің алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасырдың ба­­­сындағы қазақтар арасында ең маңызды зия­лылардың бірі. Байтұрсынұлы қазақтың тәуел­сіз болуын, мәдениеті мен өркениеті ар­қылы заманауи елдердің қатарынан орын алуын армандаған зиялылардың көш басын­да болды. Мақсатына жетудің бірінші шарты бі­лім екенін түсініп, саналы ғұмырының елеу­лі бөлігін білім саласына арнады. Ұзақ жыл ұстаздық етті, мектепке қажетті кітап­тар­ды өзі жазды. Сонымен бірге қазақ фо­льк­лорын жинақтап, басып шығару арқылы қа­зақ мәдениетін сақтап, ұрпаққа жеткізуге күш салды.
Ол қазақ тілі мен әдебиет ғылымының көш­басшысы болды. Оның осы саладағы маңыз­ды еңбектерінің бірі – араб әліпбиі не­гі­зінде жасаған қазақ әліпбиі. Сөйтіп, қа­зақ диалектісінің өз алдына жазба тілге ай­налуына жол салды. Оның тағы бір маңызды жұ­мысы – шет тілдерінен енген термин­дер­дің қазақша баламасын табу. Қазақтың қо­ғам­дық-саяси өмірінде өзіндік ізін қал­дыр­ған «Қазақ газетінің» ұзақ жылдар редакторы бол­ды. Ол – қазақтың тұңғыш тәуелсіз пар­­­­тиясы «Алаш» партиясы мен Алаш Орда үкіметінің маңызды тұлғаларының бірі.
Қазақ әдеби ортасының қалыптасуына, ұлттық-әдеби ойдың өркендеуіне қа­зақ ғылыми-қоғамдық ой-өрісі тарихын­да­ғы көрнекті тұлғалардың бірі Ахмет Бай­тұрсынұлының еңбегі зор.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалаған адам. Байтұрсынұлының еңбектері өте көп зерт­теуді қажет етеді. Қазақтың қоғамдық өмірін да­м­ытуға бағытталған зерттеулер, әліпби тер­­миндерін, тіл үйрету әдістемесін, фольк­лор­­тануды, қазақ грамматикасы мен әде­бие­тін қамтиды. Қазақ грамматикасы мен әде­биеті терминдері жөніндегі зерттеулер де А.Бай­тұрсынұлына тиесілі.
Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымы жө­ніндегі еңбектерін профессор Вахит Түрік былайша жіктеді:
1. Әліпбиге байланысты зерттеулер
2. Мектептерге арналған оқулықтар
3. Жазу, емле терминологиясын зерттеу
4. Халық тәрбиесі мен мәдениеті туралы зерттеулер.
Бұл аталғандардың әрқайсысы жеке тақырып болғандықтан, біз бұл мақа­лада тек бөлімдер туралы ақпарат бердік. Ахмет Байтұрсынұлының ең көп ізденістері мен қызметі білім беру саласында болды. Бі­­рақ сол кезде бүкіл түркі әлемінде бастал­ған әліпби ауыстыру, әліпби реформасы мә­селесінің маңыздылығы сонша, Байтұр­сын­ұлы да бұл талқылауға өте жақын арала­сып, өз ұсыныстарын айтты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет