9-10 практикалық сабақтар тақырыбы


Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты



бет13/14
Дата17.10.2023
өлшемі71,16 Kb.
#116916
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
19 ғасыр 204 (копия) (копия)

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, Қарағым, енді жату жарамас-ты.(М.Дулатов, «Оян, қазақ»)
Тарихи деректер бойынша, Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» өлең кітабы 1909 жылы Қазан қаласындағы «Шарқ» баспасынан шыққан. Тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, «Оян, қазақ» кітабы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы түрлі топтардың бәрінің көңілінен шыққан. 

– Ресей патшалық үкіметінің шымбайына тиген кітап болды бұл. Бір қызығы, «Оян, қазақ» сол кездегі қазақ зиялыларына да ұнады. Қазақ халқының да ойынан шықты. Сондай-ақ, дін адамдарының да көңілінен шықты. «Оян, қазақтың» елге ұнағаны соншалықты, кітапты мешіттер, молдалар елге таратты. Осыдан-ақ, бұл кітаптың мән-мағынасын, маңызын байқауға болады. Патша өкіметі кітап авторының соңына түсті. Ол кітапты оқуға тыйым салды, – дейді Мәмбет Қойгелдиев.



Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай сол кезде «Оян, қазақ» кітабын Абайдың кітабымен бірге ұзатылған қыздың жасауына қосып беру дәстүрі пайда болғанын айтады.
– Осы «Оян, қазақ» пен «Бақытсыз Жамал» қазақтың жүрегіне жол тапқан алғашқы көркем шығарма болып табылады. Осы кітаптар арқылы қазақтың ішінде ояну, гүлдену, өркениетке ұмтылу деген аңсар пайда болды. Және қазақ қоғамы «Бақытсыз Жамалдың» тағдыры арқылы өз тағдырын елестетіп, ойлануға мүмкіндік алды, – дейді Тұрсын Жұртбай.


6. Міржақып өлеңдеріндегі отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылық идеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегі ақындық қуатының танылуы. Міржақып қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдардың, бейнелі тіркестердің қолданылу ерекшеліктері.
"Оян, қазақ" жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашық көтеруі. Кітаптың таралу, танылу тағдыры. Еркіндік аңсаған халықтың ой-армандарын тұжырымдаған сүйікті кітапка айналғандығы. Міржақып өлеңдерінде отарлыққа саясатқа қарсы ойдың, ағартушылық идеяның молдығы. "Азамат" жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегі ақындық қуатының таңылуы. Онда ақьнның тамаша лирик, сезімтал гуманист, сергек публицист ретінде көрінуі. Жастарға үлгі-өнеге ұсынуы.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.
«Азамат» жинағы арқылы Мыржақыптың шын мәніндегі ақындық қуатының танылуы. Онда ақынның тамаша лирик, сезімтал гуманист, сергек публицист ретінде көрінуі . Жастарға үлгі-өнеге ұсынуы. Міржақыптың бұл өлеңі 1912 жылы, Қазан қаласында басылып шықты. Бұдан бұрын шыққан еңбектерімен Міржақыптың бұл еңбегінде көркемдік жағынан үлкен айырма бар.
«Азаматтың» тілі «Оян, қазақ!» пен «Бақытсыз Жамалдай» емес, таза қазақ тілі. Өлеңнің үйлестік құрылыс, көркемдік жағынан «Азамат» бастапқы екеуінен көп ілгері. Бастапқы екеуін əсіресе, «Оян, қазақты!» оқығанда, Міржақыптың ақындығына адам шек келтіреді. Ал «Азаматта» олай емес: Мұнда Міржақып өскендігін, ақындық сипатының бойында толық барын көрсетіп отыр.
Мазмұн жағына келгенде, Азаматтың ішіндегі өлеңнің көбі «Оян, қазақтағы!»: «жерің орысқа кетті. Елдігің тозды. Басыңды көтермесең мұнан да жаман боласың. Басыңды көтер, білім біл, өнерлі шаруа бақ, қатарға кір»деп қазақты үгіттеген сөздер. Қазақты қараңғылықтан құтқар деп оқыған азаматқа салған ұрандар. Бұлар «Жұт», «Таза бұлақ», «Газет, журнал» «Айқап», «Ия, алла», тағы басқа өлеңдерінде ашық көрінеді. «Азаматтағы» өзгешелік, бастапқы екі шығармамен салыстырғанда, екі түрлі: оның біреуі Еуропа капитализмінің жиһангершілік саясатын шетпұшпақтап көру, екіншісі – қажығандық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет