А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Мұхамеджан Сералиннің «Гүлқашима» шығармасының мазмұны



бет22/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Мұхамеджан Сералиннің «Гүлқашима» шығармасының мазмұны

«Бекітілді»
1 хаттама 2022 ж. 27 тамыз
Кафедра меңгерушісі __________ А.Е. Алимбаев


А. Қ. Құсайынов атындағы ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Оқу пәні: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

12 емтихан билеті





  1. ХХ ғасыр басындағы діни шығармалар

Діни-ағартушы бағытта шығармашылық мүмкіндіктері әртүрлі ақындар еңбек етті. Бірақ шығармасының мазмұны, түрі әрқилы, идеялық көзқарастары сан алуан, шеберлік деңгейі түрліше болғанымен, бұл бағыттағы ақындарға тән бірнеше басты белгілер бар. Бірінші белгісі – бұлар – діни мектептерде оқып мұсылманша білім алған ақын-жазушылар. Олардың орыс оқуымен, орыс жазушыларының шығармаларымен атүсті ғана таныстығы болды. Екіншіден, бұлар – шығыс әдебиетін, оның түрлі әдеби мектептерін жетік біліп, озық үлгілі дәстүрін, көркемдік тәсілдерін өз бойына үйір етіп, өз шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынғандар. Үшіншіден, бұлардың көпшілігі ірі медреселерде білім алып, Ташкент, Бұқара, Қазан, Стамбул сияқты діни орталықтарда болып, ислами әдебиеттің классикалық үлгілерімен танысып, діни ілімнің қыр-сырын меңгергендер.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шәді Жәңгіров, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шораяқтың Омары, Мәулекей Жұмашев және т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналысып, шығыс, ислам сюжеттеріне шығарма жазып, нәзирашылдықты дамытты. Олардың шығыс сюжетінен, діни кітаптардан аударып, өз бетінше жазған шығарма-дастандарын мынадай топтарға бөлуге болады. Діни тақырыптағы қиссалар: «Зарқұм», « Кербаланың шөлінде», «Сал-Сал», «Мұхамед-Ханафия», «Сүлеймен пайғамбар», «Жұм-Жұма» т.б. Қиял-ғажайып ертегі іспетті қиссалар: «Шәкір-Шәкірат», «Шаһмарал», «Абушахма» т.б. Ғашықтық қиссалар: «Жүсіп-Зылиқа», «Таһир-Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн», «Боз жігіт» т.б. Батырлық қиссалар: «Рүстем-Дастан», «Кескен бас», «Ескендір», «Қисса Баһрам» т.б.
Шығыстық үлгідегі қисса-дастандарды көбірек жазу арқылы қалыптасқан өзгеше әдеби дәстүр қазақ даласына кеңінен қанат жайды. Ол Алатауда да, Атырауда да, Сырда да, Жетісуда да өз жемісін беріп, небір майталман жүйріктерді еліктірген. Ал бұл бағыттағы көрнекті өкілдер діни ағарту тұрғысынан ұлттық поэзиямыздың өресін биікке көтеріп, әдебиет тарихында өзіне ғана тән ақындық қолтаңбасын қалдырған өнерпаздар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет