Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Шоқан дүниетанымы: бұрынғы ұғымға жаңа көзқарас

бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі47,18 Kb.
#11837
  1   2   3
Байланысты:
щохан

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Шоқан дүниетанымы: бұрынғы ұғымға жаңа көзқарас

  2. Шоқанның өзге әлемі

  3. Шоқан шыққан шың

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Шоқан дүниетанымы: бұрынғы ұғымға жаңа көзқарас

Қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ойшыл, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы әр қы­рынан сараланып, өз бағасын алып келеді. Оның дүниетанымы, әлеуметтік-саяси және эко­но­микалық көзқарастары, шығыстанушы, тарихшы, географ, этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері жөніндегі мұралары сан алуан еңбектердің арқауы болды.

Кеңес өкіметі тұсында академик Ә.Марғұланның құрастыруымен Ш. Уәлихановтың "Бес томдық шығармалар жинағы" жарық көрді. Басылым материалдары тақырыптық принцип негізінде орналастырылып, әр томның соңында көлемді түсіндірмелер берілді.  Сонымен бірге еңбек жоласты ескертулермен, есімдік, географиялық, этностық көрсеткіштермен жабдықталды. Қысқаша сөзбен айтқанда, Ә.Марғұлан нұсқасы археографиялық ережелер талаптарына толық сәйкес жасалды. Жинақтың алғашқы төрт томы мәтіндік материалдарды құрады, ал бесінші томы ғалымның эпистолярлық мұрасына арналды.

Ш.Уәлихановтың шығармашылық мұрасын жоғары бағалаудың шырқау шегі оның туғанына 150 жыл толуына орай орын алған шаралар кезінде жеткен секілді. ЮНЕСКО-ның Орталық Азия мәдениетін зерттеу жөніндегі халықаралық ассоциациясының КСРО Ғылым академиясы мен Қазақ КСР Ғылым академиясы бірлесе ұйымдастырған халықаралық конференция аясында өткізілген дөңгелек үстел мәжілісінде Тәжік КСР Ғылым академиясының президенті М.С.Асимов қазақ перзентінің "әлемдік өркениетке қосқан зор үлесін" атап көрсетіп: "Шоқан өз халқының және Орта Азия халықтарының этногенезі мен этностық тарихи проблемаларын зерттеудің негізін салушылардың бірі, ... әлем халқын үлкен жүрегімен аялай сүйген ұлы гуманист, терең ғұлама", деп жүрекжарды сөздерін айтты.

Пәкстандық ғалым Ахмад Хасан Дани, Тегеран мемлекеттік университетінің профессоры Реза Шебани Самгхабарди Ш.Уәлихановты "адамзатқа ортақ тұлға" деп атады.

1985 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бір топ ғалымдары "Бес томдық шығармалар жинағын", материалдарын хронологиялық принцип негізінде орналастырып, қайта бастырып шығарды. Осы жылы қазақ ғалымының таңдамалы еңбектерінің қазақ тіліндегі екінші басылымы жарық көрді. Оған Ш.Уәлихановтың маңызды-маңызды деп танылған шығармалары енгенімен, басылым оқырмандар сұранысын өтеді деуге негіз жоқ. Сол себепті биыл шығармалар жинағының 1985 жылғы нұсқасын ҚР Мәдени саясат және өнер институты қазақ тіліне аударып оқырмандарға ұсынды.

Ғалымның туғанына биыл 175 жыл толуына орай республикада және одан тыс жерлерде басқа да шаралар өткізіліп жатыр. Бірақ осылардың көпшілігінде бұрынғы кеңес заманында қалыптасқан үрдістер арылған жоқ. Шоқанды "қазақ халқын Ресейдің қоластында ғана өмір сүруге шақырған", "ислам дініне үзілді-кесілді қарсы шыққан" тұлға ретінде танушылық та, оның баға жетпес бай мұрасын барлаушылық қызметімен шатастыру­шы­лық та қылаң беріп келеді.

Иә, Шоқан Уәлиханов Ресей империясы сыртқы барлауының офицері болды, осыған орай әрекет етті, хаттарында орыс зиялыларына "өз халқының болашағы Ресеймен байланысты" деп жазғаны да рас. Барлаушылық жұмыстың үнемі бақылауда болатынын жақсы ұққан ол басқа не айта алатын еді?! Бірақ ол талай сырын айтып та, жазып та кетті. Елі­міздің тәуелсіздігі жағдайында Шоқан "құпия­сының" ашылатын, шығармашылық мұрасының қайта пайымдалатын кезі келді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет