А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Бернияз Күлеевтің шығармашылық ғұмырнамасы



бет32/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Бернияз Күлеевтің шығармашылық ғұмырнамасы

Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі – Б.Күлеев. ол романтикалық, реалистік бағыттарда жазған. Бейнелеу тәсілі ретінде астарлау, тұспалдау, перделеу, символдарды аса шебер пайдаланған. Оның өлеңдерін М. Жұмабаев лирикаға толы таңғажайып өлеңдер ретінде атайды. Б. Күлеев шығармашылығы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихында айрықша орын алуға тиісті.
Ақын негізінен өлең өрнектеріне, өлшемдеріне, поэтикасына айрықша көңіл бөлген. Оның көркемділігі көтеру бағытындағы ізденістері әлемдік әдебиетте өтіп жатқан негізгі ағымдармен үндестікті байқатады. Жазушы поэзиясындағы ішкі сезім маңызды қызмет атқарса, оны жайната бейнелеу көркемдік ізденіс мақсаттарымен байланысады.
Б.Күлеев төңірегінде, заманында өтіп жатқан барша ірі мәнді уақиғаларға көңіл бөледі, оны көркем бейнелеуге талпынады.
Ақын шығармашылығының әдебиет тарихында енбеуі ресми идеялогиялық себептерден. Оның шығармаларында бай-кедей, тап тартысы, болашақ бақытты қоғам, социализм т.б. тақырыптар кездеспейді. Оның есесіне адам ішкі әлемінің аласапыран уақыт мінезінен шошынған, үрікке қалпы щебер бейнеледі.
Қаламгер шығармашылығының басты тақырыбы Өмір, Өлім. Оны автор метафораларға, күрделі символдарға орай философиялық тереңдікте бейнелейді. Ақын шығармашылығында жастық шақ, табиғат сұлулығы, жыл мезгілдері, махаббат тақырыбы айрықша орын алады. XX ғасыр басындағы қазақ ақындары арасынан бұл тақырыпты ерекше тоқтала, тереңдей тебірене жазған М. Жұмабаевтан басқаларды табу қиын.
Жазушының қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орнын ақынның өлең өрнектерін ұштау бағытындағы, мазмұнын образға көшіру, адам рухани әлемін, сезімін суреттеу барысындағы шығармашылық ізденістерімен байланыстыра түсіндіруге болады.
Бернияз шығармашылығын зерттеудің басында М. Жұмабаев тұр. Ол ақынның 1922 жылы жарық көретін шығармалар жинағын құрастыруға, редакциялауға қатысады. Байсалды, ғылыми негізді алғы сөз жазады. Осыдан кейін ақын шығармалаврының жариялануы - 1969 жыл. «Айтшы, ақ қайың» жинағында ақынның сұлу жырлары топтастырылған. Жинақтың алғы сөзін белгілі әдебиет тарихын зерттеуші Ы. Дүйсенбаев жазған.
Б. Күлеевтің алуан түрлі, әрі бай, әдеби мұрасынан әзірше бізге белгілісі 200 шығарма. Олардың бәрінен шебер жазылған сұлу шығармалар екенін ескерер болсақ, бұл аз емес. Толғаулар мен балладалар, поэмалар мен айтыстар немесе қас-қағым сәтті бейнелейтін шағын жырлар тосын сұлулығымен көзге түседі, көңілді билейді.бернияз кезінде аудармалармен де айналысқан. Оның Пушкин мен Лермонтовтан аударылған шығармалары дәлдігімен, поэтикасының түп нұсқаға ерекше жақындығымен бағалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет