А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


«Бекітілді» №1 хаттама 2022 ж. 27 тамыз



бет35/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
«Бекітілді»
1 хаттама 2022 ж. 27 тамыз
Кафедра меңгерушісі __________ А.Е. Алимбаев


А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ атындағы ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Оқу пәні: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

18 емтихан билеті




1. ХХ ғасыр басындағы тарихи- әлеуметтік жағдай
XX ғасыр басындағы саяси-экономикалық жағдай Абай өмір сүрген дәуірден бөлек еді. 1968 жылғы капитализмге жол ашқан низамның ескі құрылысты біраз ыдыратып, «күрт өзгеріс» туғызуына қарамастан, крепостнойлық тәртіп жойылмай, қазақ даласында феодализм, отаршылдық саясат толығымен өмір сүріп келді. Сонымен қатар бұл кезеңде капитализм нышаны едәуір айқындалып, оның да қайшылықтары көзге түседі. Қала, сауда, зауыт, фабрика, темір жолдың дамуы соның айғағы. Капитализм ағымы ауыл шаршуашылығына да еніп, шаруалардың жаппай кедейленуі, байларға арзан жұмыс қолы болып жұтауы күшейе түседі. Сөйтіп феодалдық және капиталистік қанау елді қос тақымға алады. Оның үстіне би, болыс, ұлықтардың жемі болған бұқара халық патшалық-отаршылдық езгіде болды. Ел басына түскен алым-салықтың ауыртпалығын шаруалар көтерді.Ұрлық, өтірік, барымта, айтыс-тартыс, зорлық-зомбылық және парақорлық дегеннің шегі болмады. Ұзамай-ақ, Ресей жерінде халық азаттығы күресінің теңізі шалқып, тап кщүресінің ұлы бір кезеңі басталып кетеді. Оның бастамасы 1905 жылғы буржуазиялық-демократиялық төңкеріс болған-ды.

Сөйтіп 1900-1917 жылдар арасы революциялық қимылдар дәуірі болғанды. Бұл кезеңдегі басты міндет – патшаны, одан соң қанаушыларды биліктен қуу еді.


Бұл тарихи қозғалыстан қазақ даласы да шет қалған жоқ. Ресейдегі 1905 жыл идеясы бізде 1916 жыл оқиғасын тудырды.


1905 жыл оқиғасы қазақ даласында түрліше бағыттағы газет журналдардың шығуына, сол негізде қоғамдық ойдың жетілуіне біршама жол ашты. Бұл кезге дейін қазақ тілінде шығып тұрған «Дала уалаятының газеті» (Семей 1888-1902) ғана болса. 1907 жылы «Қазақ» (Тройцк), 1911 жылы «Қазақстан» (Орда) газеттері шығып, ұзамай қайта жабылып қалады. Осылардың ішінен Тройцкідегі демократиялық бағытта болған «Айқап» журналының шығуы (1911-1915) Қазақстандағы қоғамдық саяси ой-сананың күрт өскендігінің жарқын белгісі болды. Оның редакторы – М. Сералин еді.


«Айқап» журналымен қатар қазақ оқымыстылары Орынбордан «Қазақ» газетін де шығарды (1913-1918).


1917 жылы «Сарыарқа» (Семей), «Үш жүз» (Петропавл), «Бірлік туы» (Ташкент) газеттері шығады.


«Айқап» журналы өз маңына прогресшіл-днмократиялық бағыттағы жазушыларды топтастырса, «Қазақ» газетінің төңірегінде де қазақ оқымыстылары аз болған жоқ. Сонымен қатар жазба әдебиетке бейімднлгне Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, т.б. қаламгерлердің жинақтары жарық көрді.


Сөйтіп, XX ғасыр басындағы сыншыл реалистік әдебиет қазақ халқының ой-санасын жетілдіріп қана қоймай, оны 1916 жылғы ұлт бостандығы қимылына әкелген еді.


Сөйтіп, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде екі түрлі бағыт болды дейміз: — бірі ескі сюжеттерге негізделген романтизм, екіншісі – ағартушылық демократиялық бағыттағы сыншыл реализм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет