А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы



бет33/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
3. М.Жұмабаевтың махаббат лирикасы
- М.Жұмабаевтың махаббат лирикасын дамытудағы еңбегі ерекше. Оның осы тақырыпқа арнаған өлеңдері өзінше бір төбе. «Сен – сұлу», «Жұлдыз – жүзік, айды алқа ғып берейін», «Махаббат не?», «Сүй, жан сəулем», «Төгілген шашы», «Гүлсім ханымға», «Гүлсімге», «М-ға», «Ф-ға», т.б. өлеңдерінде ақын аса шабытпен үзілте жырлаған.
Жас ақын «Сен сұлу» атты толғауында [1; 96] лапылдап тұрған сезімін, жандырып жіберердей лебін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын əлі келгенше асыра жеткізеді:
Білем анық: жанға жайлы Май сұлу, Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Жарқ-жұрқ еткен майда нажағай сұлу. Күміс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Ақынның «Шолпы» өлеңінің жолдарын оқығанда [1; 95] əрбір адамның (кəрі болсын, жас болсын) құштарлық сезімі қылп етпей қалуы мүмкін емес, десек, кім таласа алады. Мағжан сөздері адам ой-сезімін өзіне баурап, сыңғырлаған сұлу дыбыс шығарады.
Мағжанның түсінігінше, махаббатты жырламаған ақын — жабайы адам, ал «сүйе білмеген жүрек — қуыс кеуде». Сондықтан да ол өзі қалай сүйсе, өзгеден де соны қалайды. Сезімнің бір жақты болмауын тілейді. Осыны біз ақынның махаббат туралы күшті өлеңдерінің бірі «Жұлдызды — жүзік, айды алқа ғып берейінді» [1; 161] оқығанда түсінеміз:
Келші, көзім, күн бетіңді көрейін, Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Сүйші, сəулем, тұншығып мен өлейін. Жұлдызды-жүзік, Айды алқа ғып берейін.
Мағжанның бұл шығармасында махаббатқа Абайша, қазақша қарайтындығы да байқалады.
Сонымен, махаббаттың ұлы сезіміне бойлауда əйгілі ақын өлеңдерінің берері мол. Мағжан шын махаббатқа сенеді. Оның жүрегі сезеді. Ол махаббатсыз өмірде мағына бар деп білмейді. «Махаббат не?» деген өлеңінде [1; 143–144] жалпы махаббат туралы ойын былай тұжырымдайды:
Махаббат — бір тікенек
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар.
Тез жазылмақ бұл жара,
Дүниедегі у мен шу
Сүймесе жүрек, дариға,
Өлер жүрек, қансырар.
Махаббат — бір тəтті у,
Мас жүректі оятпас.
Ішер жүрек, төгер жас!»
Махаббат — бір тəтті у,
Бал тілімен сүйсе жар.
Ішер жүрек, болар мас.
Мағжанның пайымдауынша, көңілді ашатын, жалынды басатын, жалғыздықта зарыққанда ем болатын — жалғыз ғана махаббат. Адам шын сүйсе, махаббат — жүректі жаралайтын тікенек. Жар сүйсе жүрек жазылады, сүймесе өледі. Махаббат — ол бір тəтті у. Міне, дарабоз ақынның махаббатқа деген көзқарасы осындай.
М.Жұмабаевтың махаббат тақырыбында жазған өлеңдерін оқып қаныққан адам нағыз нəзік лиризмнің сиқырын сезінері анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет