49
әрекеттесуден кейінгі алатын жылдамдықтар төмендегі жағдай-
лардағы қозғалысқа сәйкес:
1) ауыр дененің жылдамдығы өзгермей, ал жеңіл дененің
жылдамдығы 2 есе артады;
2) жеңіл дененің ауыр денеден серпілуі болады.
Келтірілген жағдайлардың
барлық әралуандылығы
т
1
және
т
2
мәндерінің процесті анықтайтын физикалық шамалардың
арақатынасына және
V
1
және
V
2
анықтайтын формулаларды
талдау нәтижесінде алынды.
Мектеп оқушыларының ғылыми ойлауы жөнінде айтқанда
есте сақтарлық нәрсе – бұл физика мұғалімі оқушыларда физика
ғылымының әзір тұрған ақиқат қоймасы емес, оларға жету
процесі, білмеуден білуге деген қозғалыс екендігін, шектеулі
білімнен
едәуір дәл, жалпыға ортақтылыққа ұмтылыс екендігін
түсінуді шексіз.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық
катынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, коопе-
ратив пен жеке косіпорынның, кәсіпкерлік пен меншіктің әр
түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттігі болашақ
кадрлардан жаңалыққа реакциясы жылдам, бақылаушылық
ебдейлігі мен стандартты емес
ойлау бейімділігі жетілген, тап-
қырлық пен ізденімпаздықты, шеберлік және іскерлік қасиеттерді
талап етеді. Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор
істі мектепттен бастап, жастарға конструкторлық және өнер-
тапқыштық шығармашылықтың негізін үйретуіміз керек. Бұған
физика сабақтарының мол мүмкіндігін пайдалануымыз тиіс.
Физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін
арттыру олардың физикалық ойлауын дамытудың құрамдас
бөлігінің бірі болып табылады. Жас жеткіншектердің шығар-
машылық қабілетін дамытудың әдістемесі
ғылыми-техникалық
шығармашылық процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізілуі
керек. Жалпы алғанда, шығармашылық процестің құрылымы
өзіне тән кезеңдер мен сатылардан, фазалар мен периодтардан
тұратындығы П.К.Энгельмейердің, П.М.Якобсонның, Я.АПоно-
маревтің, т.б. зерттеулерінен белгілі.
Атақты физик-ғалымдардың (А.Эйнштейн, М.Борн, М.Планк,
П.Л.Капица, А.Иоффе, И.Курчатов, С.Королев, т.б.) ғылыми өмір
тәжірибесін қорытып, ой-пікірлерін талдап қарасақ, ғылыми-
техникалық шығармашылықтың элементтері мынадай цикл
түрінде құрылатындығы белгілі: фактілерді жинақтау → гипотеза
50
ұсыну (абстракты модель құру)
→
идеяны
шешу принципін
анықтау → теориялық салдарларды қорыту → оларды
эксперимент жүзінде тексеріп көру.
Оқушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы
олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға зор
ықпал етеді. Академик С.И. Вавилов айтқандай, физикалық
ойлауға дағдылану керек, оған көп жаттығу мен үзақ үйренудің
нәтижесінде қол жеткізуге болады,
бұл физиканы оқытудың ең
басты міндеітерінің бірі болуы тиіс.
Физика - табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты -заттар
мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін
біліп-тану, табиғат кұбылыстарының заңдылықтарын зерттеу.
Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық
ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту процесінде
анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация
және жүйелілік (систематизация), абстракция және жинақтап
қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдала-
намыз. Демек, физиканы осындай логикалық талапқа сай оқытып,
физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін ашу арқылы
оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине,
алдымен мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі
мен оның
құрылымының ерекшелік сипаттарын білуің қажет етеді.
Оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда ең алдымен
оларды диалектикалық ойлауға, яғни физикалық құбылыстар
сырының қалай ашылғандығына (мысалы, архимед күші, элек-
тромагнитгік толқын, радио байланыс, т.т.) үйретіп, әлі шешіл-
меген мәселелердің зерттеліп толық білімге айналатындығын
(атомның және ядроның құрылысы,
ғарыш кемелерін ұшыру,
телевизиялық хабар беру, т.т.) түсіндіріп, физикалық заңдылық-
тардың өзара байланысын (газ заңдары, уранның тізбекті
реакциясы, т.т.) ашып көрсетуіміз қажет.
Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларда логикалық
ойлаудың негізінен мынадай түрлері қалыптастырылып,
дамытылуы тиісті:
1.физикалық ойлау;
2.ғылыми-техникалық ойлау;
3.диалектикалық ойлау;
4.индуктивтік ойлау;
5.дедуктивтік ойлау;
6.абстракты ойлау.
51
Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен
бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін
дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс.
1.
Достарыңызбен бөлісу: