А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет18/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93
Байланысты:
ФӘО

Физикалық ойлау
 
деп оқушылардың: 
а)физикалық құбылыстарды бақылау, 
ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, 
б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды 
анықтау, 
в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы 
сандық және сапалық байланыстарды тағайындау, 
г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу 
д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу 
ебдейліктерін дамытуды түсінеміз.
Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әреке-
тінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсіл-
дерді қолдана білуі, ә) физикалық формулалардың дұрыстығына 
сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс 
таңдап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін 
тексере білуі, г)физикалық зандылықтардың өмірде қолданылуын 
түсіндіре білуі, т.б.
Оқушылардың 
ғылыми-техникалық
 
ойлауы физика мен 
математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, 
олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын ала болжай 
білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар 
мен модель сұлбаларды жасай білуге үйрету арқылы дамы-
тылады. Бұған шала өткізгіштер мен электромагниттік толқын 
теорияларын мысал ретінде алуға болады, себебі оның негізінде 
электрониканың және радио телевизиялық техниканың қарыштап 
дамығаны белгілі. 
2. Табиғаттың объективті заңы - энергияның сақталу 
және 
айналу 
заңы-мектепте 
оқытылғанда, 
табиғат 
құбылыстарының өзара байланыстылығы, материя қозғалысы 
формаларының өзгеруі, энергияның сақталуы туралы ол заңның 
негізгі идеясы бүкіл физика курсын "қызыл жіптей көктеп" өтеді. 
Бұл оқушылардың 
диалектикалық ойлауын
 
дамытуға қолайлы 
мүмкіндік туғызады. Физикалық құбылыстардың арасындағы 
байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету - 
оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы 
әдістемелік тәсіл. Мысалы, капиллярлықтың себебі – сұйық-


52 
тардың беттік керілу құбылысы, жарық жылдамдығының бір 
ортадан екінші ортаға өткендегі өзгеруі - жарықтың сынуының 
себебі дене жылдамдығының өзгеруі-күш әсерінің салдары, ал 
ауа салмағының салдары - атмосфералық қысым болып саналады; 
физикалық парадокстар мен софизмдерді шешу де - бұл мақсат 
үшін әсерлі тәсілдің бірі. 
2.
Оқушылардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет