А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет20/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93
Байланысты:
ФӘО

клас-
сификациялауға
үйретудің мүмкіндігі бар. Меншікті салмағы, 
тығыздығы, жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, электр 
өткізгіштігі, балқу температурасы бойынша денелердің физи-
калық қасиеттерін талдап, салыстыруға, жүйелеуге, классифи-
кациялауға болады. Талдаудың нәтижесінде әр түрлі кұбылыс-
тардың бәріне бірдей тән қасиетті анықтаудың да оқушылардың 
физикалық ойлауын дамытуда маңызы үлкен. Мысалы, өсімдік-
тердің қоректенуі, сорғыш қағазды пайдалану, май шамның пілігі 
(фитиль), үй қабырғасының сыз болуы, қызанақты банкіде тұздау 
қандай физикалық ортақ бір құбылысқа негізделген (капил-
лярлық құбылыс) екендігін тағайындау. 
Механикалық қозғалыстың түрлері 
Бір қалыпты
қозғалыс
Бірқалыпсыз қозғалыс 
Бірқалыпты үдемелі 
Бірқалыпты кемімелі 


54 
6. Бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды 
баяндауды оңайлату мақсатында сабақта 
абстракты ойлау
 
(қиялдау, ойша тұжырымдау) тәсілін қолдануға мәжбүрміз. 
Мысалы, идеал газ, Карноның идеал циклы, абсолют қара дене 
сияқты ұғымдар, процестер, объектілер - абстракты ойлаудың 
жемісі. Физикалық құбылыстар мен объектілерді нобайлау 
(модель) арқылы да оқушылардың абстракты ойлауын дамы-
тудың ескерерліктей мүмкіндігі бар (мысалы, атом мен ядроның 
моделі, кемтіктік өткізгіш, Галактика, Метагалактика, т.т.). 
Оқушыларды физикалық ойлаудың осындай түрлері мен 
тәсілдеріне үйретудің нәтижесінде олардың физикаға қызығу-
шылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу процесіндегі 
белсенділігі жоғарылайды, мұның бәрі оқытудағы формализм 
мен догматизмді жоюға ықпал жасап, жастарды тапқырлыққа, 
ебдейлікке, бақылай білушілікке, ізденушілікке, дәлел келтіруге, 
оқудағы қиыншылықты жеңе білуге, ғылыми құмарлыққа 
тәрбиелейді. 
Физиканы оқыту әдістемесіне ғылыми-шығармашылық 
процестің мынадай негізгі компоненттері кіруі тиіс:
1) фактыларды жинап, талдап, қорыта білуді үйрету; 
2) фактыларды интуитивті жолмен нобайлауға баулу;
3) салдардан логикалық қорытынды шығаруға тәрбиелеу; 
4) оны эксперименттік жолмен тексеруге дағдыландыру; 
5) эксперименттің нәтижесін белгілі бір теориялық негізде 
дәлелдей білуге бағыттау. Мұның бәрі, әрине, бір сабақта жүзеге 
асырылмайтынын мұғалім түсінуі тиіс. Мұндай сабақтардың 
әдістемесін "Газдардың қасиеттері" тарауы негізінде талдап 
көрсетейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет