А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет34/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   93
Байланысты:
ФӘО

анықтамаларын 
қарастырайық: 
1. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала 
отырып, олардың арасындағы білім беруге неғұрлым жоғары 
жетістіктерге жету үшін қарым - қатынасты, бүкіл оқыту 
үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға 
бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары; 


80 
2. Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану 
арқылы білім беру тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің 
принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.
Оқушының шығармашылық қабілеті ойлау мен практикалық 
әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды 
дамыта оқыту сабақтар деп білеміз. 
«Даму» ұғымы философиялық сөздікте «...мөлшерлеп 
өзгерістердің белгілі бір өлшем негізінен шығып, сапалық 
өзгерістерге айналуы», - деп түсіндіріледі. 
Неміс педагогы А.Дистерегтың «Неміс мұғалімдерінің білім 
беру ісіне басшылық» атты еңбегінде дамыта оқыту деп баланың 
білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. 
«Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал «жақсы» мұғалім 
оқушының өзін ізденуге жетелейді, - деген. 
«Дамыта оқыту»деген термин психологиялық ғылымның 
қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған. Нәтижесінде 
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент 
жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін 
Занков басқарды. 
Занковтың дамыта оқыту технологиясы – бастауыш сыныптар 
үшін аса қолайлы технология. Ал Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов 
жасаған жүйе сабақ төмендегідей 3 құрамдас бөліктен тұрады. 
1.
Оқу мақсатының қойылуы 
2.
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру 
3.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі 
берілмейді. Мақсатты шешу үшін іштей талқылау, сосын 
жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін 
ұймдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет