97
Модельдеудің мәні зерттеліп
отырған нақты нысанның
қасиеттерін сақтайтын басқа нысанмен алмастыруда. Физикалық
зерттеулерде таным әдісі ретінде модельдеу кең қолданылады.
Идеал газдың моделін құру МКТ дамуына түрткі болып, эмпе-
рикалық түрде тағайындалған газ заңдарын түсінуге мүмкіндік
берді. Максвеллдің математикалық моделі бірыңғай электромаг-
нетизм теориясын құруға мүмкіндік туғызды. Резерфорд-Бордың
атом моделі кванттық физиканың дамуына түрткі болды.
Мектеп курсында әртүрлі физикалық модельдер қолданы-
лады: материалдық нүкте, идеал газ, кристалдық тор, матема-
тикалық маятник, жарық сәулесі т.б.
Бір физикалық нысанның бірнеше моделі болуы мүмкін.
Мысалы: жарықтың таралуы мен
заттпен әсерлесуі жарық қа-
сиеті 2 модель арқылы қаралады: корпускулалық және толқын-
дық. Оқушылар есеп шығару барысында физикалық құбылыс-
тарды өз беттерімен модельдейді.
Нақты жағдайда физикалық
заңдылықтардың орындалатын нысанның моделін қарастырады.
Мысалы: Кулон заңын қолдану үшін есеп шартындағы
зарядталған денелерді нүктелік заряд деп қарастыруға бола ма?
Немесе Менделеев-Клаперон теңдеуін қолданбас бұрын нақты
газды идеал газ деп қарастыруға бола ма?
Физикада көрнекі модельдер кең қолданылады. Мысалы:
Броундық
қозғалыс, Штерн тәжірибесінің моделін, темір ұнтақ-
тары арқылы магнит күш сызықтарының моделін, көлденең және
қума
толқындардың
моделін.
Модельдеумен
теориялық
танымның бір әдісі ойша эксперимент. Мысалы: Архимед күшіне
есептер шығарғанда оқушыға сұйықты
немесе дененің көлемін
өзгертуін қарастыру ұсынылады.
Ғылыми танымның екі әдісінде де (теориялық, эмпери-
калық) аналогия әдісі басты роль атқарады. Қарастырылған
белгілі нысанды сипаттайтын
білім элементтерін нысанға
сәйкестендіріп көшіріледі. Мысалы: Электомагниттік тербеліс-
терді қарастыруда оқушыларға бұрынан белгілі механикалық
(гармониялық) тербелістер туралы
білім элементтерін жаңадан
сәйкестендіріп оқытуға болады.
Оны мына кестеден көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: