27
Негізгі тілдің эквиваленттік емес грамматикалық бірліктерін аударуы тиісті
қиыншылық тұғызбайды. Көрсетілгендей, аударуда грамматикалық форманы
таңдау түпнұсқаның грамматикалық формасынан емес, оның лексикалық
толығуына бағынышты болып келеді, яғни лексикалық единицалардың айтуда
тиісті грамматикалық құрамы болатындай, сипатына, мағынасына сүйенеді.
Осындай қалыптасу, ереже бойынша, түпнұсқа мен аудармадағы айту
арасындағы эквиваленттік қатынастар қойдыртуға кедергі жасамайды. Аударма
тілінде біртиптік, біркелкіліктің болмауы – сол, немесе негізгі тілдің басқа
формасы үшін осындай форманы аудару немесе сөзбе-сөз аударуды қолдануға
болмайтынын көрсетеді.
Бұнда үш негізгі жағдайдарды келтіруге болады:
1. Нөлдік аударма, яғни грамматикалық единицалардың көптігінен
оларды беруден бас тарту. Грамматикалық ұғым кейбір лексикалық немесе
грамматикалық құралдар көмегімен сөйлемде қайталанады. Осындай жағдайда
эквиваленттік емес единица аудармада «нөлдік біркелкілік» орын алады, яғни
жойылып келеді:
Give me the book that you bought yesterday. – Кеше сен сатып алған
кітапты маған бер (Дай мне книгу, которую ты купил вчера).
By that time he had already left the country. – Осы кезде ол Англиядан
кеткен еді (К этому времени он уже уехал из Англии.)
Осы сөйлемдердің біріншісінде тиісті артиклдің мағынасы бағыныңқы
сөйлемнің мағынасымен сәйкес келеді, екіншісінде – Past Perfect түрімен
көрсетілген алдын ала болған мәнді айтуында, лексикалық алдынғы болған,
«бұл мезгілде» «енді» сілтемелердің көптеу болуы көрсетіледі.
2. Мағынасын жақынырақ беретін аудармада берілген контекстің
эквиваленттік емес негізгі тілдің грамматиткалық бірлігіне бөлшектеніп
аудармада аударма тіліне сәйкес болған грамматикалық бірлігі пайдаланылады.
Сонымен, қазіргі ағылшын тіліндегі абсолюттік құрылымның, егер де, оны
грамматикалық бірлік ретінде қарастырсақ, орыс тілінде біркелкілік жоқ. Ол
жағдайда қатысты қатынастарды білдіретін бөлінбейтін, кешендік мағынаға ие.
Бірақ та нақты сөйлемде бірінші қатарғы осындай қатынастардың бір немесе екі
түрі (мезгілдік, себеп-салдар, шартты, қарсылықты) шығуы мүмкін, осының өзі
түпнұсқаның абсолюттік құрамына орыс құрылымның тиісті окказиональдік
түрін теңестіруге жағдай жасайды. Келесі мысалда «абсоттік құрылым уақытша
функциясына ие : Business disposed of, Mr. Swiveller was inwardly reminded of its
being high dinner-time. – Бұл іс біткен соң, мистер Свивеллердің тұлғасы оған
түскі тамақтанудың уақыты жақынырақ екендігін сезіндірді.
3. Трансформациялық
аударма – аударма процесін сипаттауда
қолданылатын лексикалық трансформациялармен қатар эквиваленттік емес,
бірліктер мағынасын бір грамматикалық трансформациясымен берілуі. Келесі
мысалда ағылшынның абсолюттік «with» предлогымен жеткізілетін құрылым
орысша аудармада тұрақты сөйлеммен (синтаксисиік бөлшектенудің
трансформациясы) ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: