А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет5/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптас-тыру әдістемесінің негізгі мәселесі қандай? Қандай ғылымдармен байланысты?

  2. Ой қорыту жұмысы: Қарапайым математикалық түсінік-терді қалыптастыру пәнінің өзге ғылымдармен байланысын талдау.

  3. Практикалық жұмыс: педагогика курсы бойынша салалас әдістемелерді анықтау.

  4. Пікір сайыс: салалас ғылымдарға сипаттама беру.

  5. Психология ғылымымен байланысына сипаттама беру.

  6. Салалас ғылым атаулары туралы сөздік жазу.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДАҒЫ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ

ХVIII-XIX ғасырларда мектеп жасына дейінгі балаларға арифметиканы үйретудің мазмұны мен әдістерінің және көлем, өлшеу, уақыт және кеңістік шаралары туралы түсініктерді қалыптастырудың мазмұны мен әдістерінің мәселелері Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой және т.б. жасаған тәрбиенің алдыңғы қатарлы педагогикалық жүйелерінде көрініс тапты. Ол дәуірдің педагогтары тәжірибенің ықпалымен одан әрі оқытуда балаларды математиканы игеруге даярлаудың қажеттігі туралы қорытындыға келеді. Олар тарапы-нан балаларды отбасы жағдайларында оқытудың мазмұны мен әдістері туралы жекелеген ұсыныстар айтылды. Олар балаларды мектепке даярлау жөнінде арнаулы құралдар жасаған жоқ, өз-дерінің негізгі ой-пікірлерін оқыту және тәрбиелеу жөніндегі кітаптарға ендіріп отырды.


Чех педагогы Я.А.Коменский (1952-1670) мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде «Аналық мектебі» (1632) еңбегінің нәтижесінде бағдарламаға арифметика және геометрияның негіздері жөнінен алғашқы екі ондық көлемінде (4-6 жастағы ба-лалар үшін) санауды түрлі сандарды игеруді, олардың тілінде аз бен көпті айыра білуді, таңдауы бойынша заттарды геометриялық пішіндерді салыстыруды, өлшеудің жаппай қолданылатын өл-шемдерін үйренуді (дюймфуттың 12-ден бірі 23 мм шамасында пядь-сүйем, шаг-адам) ендірген.
И.Г.Песталоцци (1746-1827)Швейцарияның аса көрнекті педагог-демократы және бастауыш білім теориясының негізін салушы, негізінен жаттату арқылы қолданылып жүрген оқыту әдістерінің кемшілігін көрсетіп берді және балаларды нақты заттарды санауға, сандардың әрекетін түсінуге, уақытты айқындай білуге үйретуді ұсынды. Қарапайым оқытудың ол ұсынған әдістері жеңілден ауырға қарай көшуді балалардың сандарды игеруін жеңілдететін көрнекілікті кеңінен пайдалану керек деген ұйғарым жасады.
И.Г.Песталоцци идеялары одан кейінгі жерде (ХІХ ғ. ортасында) математиканы мектепте оқыту саласындағы реформа-ның негізі болды. Мектепке дейінгі балаларды арифметикаға үйретудің озық идеяларын орыстың ұлы педагог-демократы, Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы К.Д.Ушинский (1824-1871) де айтты. Ол балаларды жекелеген заттар мен топ-тарды санауға, қосу мен азайту әрекетіне үйретуді, санның бірлігі ретінде ондықты түсіне білуін қалыптастыруға үйретуді ұсынды.
Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой 1872 жылы «Әліппе» кітабын басып шығарды, соның бөлімдерінің бірі «Сандар» болып табылады. Оқытудың қолданылып жүрген әдістерін сынай келіп, Л.Н.Толстой балаларды жүздің көлемінде ілгері және кері қарай санай білуге, нөмірлей білуге үйретуді ұсынды, сонымен бірге балалардың бойында бар алған тәжірибесіне сүйенуді ұсынды.
Балаларда сан, түр туралы ұғымды қалыптастырудың әдіс-тері неміс педагогы Ф.Фребельдің (1782-1852) және италияның көрнекті педагогы М.Монтессоридің (1870-1952) сенсорлық тәрбие жүйелерінде өзінің көрінісін және одан әрі дамуын тапты. Сенсорлық тәрбиенің классикалық жүйелерінде балаларды гео-метриялық пішінмен, көлемдермен таныстыру, санауға, өлшемдер көлемімен, салмағы бойынша заттардың қатарын қарастыруға үйрету және т.б. мәселелерін арнайы қарастырды. Ф.Фребель мек-теп жасына дейінгі балалардың бірқатар сандарды игеруде санауға үйрету міндетін көрді. Ол белгілі құрылыстық дағдыларды, сан-дарды, түрлерді, көлемдерді, кеңістік қарым-қатынастарды танып білумен бірлікте дамытуға арналған құралдарды жасады.
М.Монтессори өзіндік тәрбие және өзіндік оқу идеяларына сүйенумен сан, түр, көлем туралы түсініктерді дамыту, сондай-ақ жазбаша және ауызша нөмірлерді үйрену үшін арнаулы орта жасау қажет деп санады. Ол бұл үшін есеп жәшігін, түрлі-түсті ондық-тарға бөлініп тізілген моншақтарды, есепшотты, тиындарды пай-далануды ұсынды.
Ф.Н.Блехер балаларды санауға үйретуде заттарды бір ұзын-дық бойынша орналастыру жағдайында жеңіл және оңай болады деп көрсетті. Бұл сандардың орналасу ретін олардың арасындағы қатынастарды танып білуге және одан әрі сандармен жүргізілетін операцияларды игеруге әкеледі. Ол топты тұтас шолуға оның қандай шағын топтардан құрылғанын көруге мүмкіндік беретін сандық пішіндерге үлкен мән берді. Ф.Н.Блехер ойлағандай ол дидактикалық ойынның бірі болып табылғанымен, оның басқа түрі мен әдісін алмастыра алмайды.
ХХ ғ. басында балабақшаларда кең өріс алған моногра-фиялық әдісті сынамай-ақ мектепке дейінгі балаларда сандық түсініктерді қалыптастыру, атап айтқанда, осы әдіс бойынша жүзеге асырылды. Әрине, сол кезде жасалған әдістеме мазмұнында монографиялық әдістің кейбір идеялары сақталып қалды. Олар Ф.Н.Блехер, Л.В.Глаголеваның жұмыстарында көрініс тапты.
Е.И.Тихееваның, Ф.Н.Блехердің және басқалалрдың еңбек-тері математикалық түсініктерді алғаш қалыптастырудың психо-логиялық-педагогикалық әдістерін жасаудың және жетілдірудің негізі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет