А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Өсімдіктер картасындағы генерализация



бет26/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
treatise22703

9.3 Өсімдіктер картасындағы генерализация

Өңделген классификация бойынша карталар құрастыру кезінде таксономиялық категорияларды бекіту жолымен легенданы генерализациялау жүзеге асады. Ареалдарды іріктеу кезінде шаруашылықтың мәні, қамтитын ауданының көлемі мен таралу сипаттамасы, аймақтың өсімдіктер жамылғысының құрылымындағы рөлі басым болады. Іріктеу өсімдіктер жамылғысының негізгі түрлілігі үшін бекітілген цензалы көрсеткіштермен регламенттеледі. Цензалар нақты бейнеленулерінің белгілі бір дәрежесін ұстап тұруға ғана емес, өсімдіктер жамылғысының ареалдарының таралуын дұрыс жеткізу сипаттамасының алғы шарттарын қалыптастырады.


Табиғаттың басқа да карталарын құрастыру үшін, өсімдіктер жамылғысы ғана емес,оның топтарын жеке қалыптастыратын типтер үшін де, дифференцияланған цензалар қолданылады. Өсімдіктер жамылғысының құрылымы мен жекелеген нысандарын сипаттайтын төменгі рангалы топтарды нақты көрсетеді. Мысалы, тайгалы зоналарда емен ормандарын, ормандардағы далалық топтарды және т.б.
Карта құрастыру кезінде, табиғи келбетін сақтап қалуға мүмкіндік беретін әртүрлі мазмұндағы көптеген тәсілдер қолданылады. Тәсілдердің ішінде ең маңыздысы: аймақтық сипатқа кірмейтін, аудандары бойынша ұсақ контурлар; өте ірілерінен бір мөлшердегі ұсақ контурлардың бірігуі; аймақтық аңызға ие, ұсақ контурлардың асыра айтылуы; ұсақ контурлардың масштабтан тыс белгілермен алмасуы.
Ірі контурлар арасындағы бір компоненттің ареалдарында орналасқан, ұсақтарды басқасына орналастыру кезінде, іріктеудің минимальды цензасы бекітіледі. Типтік емес ареалдар жойылады, ал қалғандарының кейбір көлемі едәуір көрнекі кескін алу мақсатында, ұсақ ареалдарды болдырмау кезінде қысқарады. Кейбір жағдайларда, масштабтан тыс ареалдардан басқа, картада нөмерлі индекстер мен арнайы белгілерді орнатады. Негізгі компонент аясында ұсақ ареалдар ошағын орналастыру кезінде жақын орналасқан ареалдар қосылып кетеді. Аудандарды ұлғайту кезінде, іріктеу цензасына қарағанда, кішігірім аудандары бар, ареалдардың барлығымен орын толтырады. Ұсақ ареалдардың сызықтық ареалдармен орналасу кезінде, негізгі бағыттың жанында созылыңқы орналасқан ареалдар бірігеді.
Өсімдік жамылғысы жер бетінде көрінетін келбетке ие. Ормандардың шекаралары, батпақтарды және өсімдік жамылғысының басқа да пішіндері табиғатта бөлімшелерімен жақсы ажыратылады және шолу топографиялық карталар мен әуеғарыштық түсірімдерден оңай оқуға болады. Бұл шекаралар жергілікті жер бедерімен байланысқан, ылғалдылық, грунт, тұздылық сипатымен кез келген өсімдік картасын құрастыру кезінде каркасты қалыптастырады. Өсімдік топтарының орналасу жер бедерімен тығыз байланыстылығын ескере отырып, генерализация процессіне үлкен мән береді.
Геоботаникалық шекараларда суреттің жалпы көрінісі олардың алдын-ала талдауы мен сипатының талдауына және басқа табиғи факторлардың картогафияланатын ареалдарымен байланысына негізделеді.
Карталарда өсімдік жамылғысының динамикасын бейнелеу кезінде өзіндік динамикалық жағдайын, жергілікті және өндірісті топтардың арасындағы байланысты және өсімдік топтарының жүйелілігін ашып көрсетуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет