А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Ландшафттардың құрлымдық-генетикалық



бет29/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
treatise22703

10.2 Ландшафттардың құрлымдық-генетикалық
классификциясының принциптері

Ландшафттар карталарын көптеген құрастыру тәжірибесі болса да, әртүрлі рангтегі геожүйені ажырату принциптері мен әдістері осы уақытқа дейін таласты мәселе болып келеді, сондықтан жалпы қабылданған жіктеуі және номенклатурасы және бейнелеу әдісі де жоқ.


В.И.Николаевтың ландшафттарды жіктеу негізінде құрлымдық-генетикалық принцип жатыр.
Ландшафттардың ең жоғары жіктеу категориясы (В.И.Николаев бойынша) бөлім саналады. Қазіргі кезде ландшафт төрт бөлімге бөлінеді: жер беті, жерсу, сулы және су асты. Жер беті ландшафттар бөлімі жүйелерге ажыратылады (бұрыңғы КСРО-да) бұл: арктикалық, субарктикалық, бореалды, суббореалды, семиаридты, суббореалды аридты және субтропикалық жүйлер. Жүйелер аймақ климатының континеттігіне байланысты жүйешелерге бөлінеді. Келесі категория – ландшафтар классы – морфотектоникалық көрсеткіштер бойынша бөлінеді. Класстар таулы және жазықты аймақтарда ландшафттар құрлымының ярусты дифференциациясына байланысты классшаға бөлінуі мүмкін. Келесі категория – топтар. Жазықты ландшафтар класы үшін бұл жіктеу категориясы ең негізгі болып саналады және ол ландшафты-генетикалық және динамикалық көрсеткіштер бойынша ажыратылады. Ландшафттардың топтары сол, бірақ нақтылау көрсеткіштері бойынша, келесі категория- топшаларға бөлінеді. Ландшафттардың топтарынан төмен типтер тұр, оларды ажырату критерий ретінде топырақ-биоклиматтық көрсеткіштер саналады: топырақтар типтері, өсімдіктер формациясының класстары. Типшелер белдем (подзоналы) көрсеткіштер бойынша бөлінеді. Ландшафттардың типтері және типшелері түрлерге (род) бөлінеді, оларды ажырату негізі ретінде геоморфологиялық критерийлер жатыр – бедердің генетикалық типтері. Түршелер (подроды) тау жыныстардың литологиялық-петрографиялық құрамы бойынша бөлінеді. Ландшафттардың одан да төмен түрі (вид) және түршеле
рінің (подвиды) бөлінуі ландшафттар арасындағы басымды урочищесінің ұқсастығына негізделеді. Ландшафттың ең төменгі жіктелеу бірлігі- түрі (вид) жеке ландшафттардың генезисі және құрлымы бойынша біртипті қосындысы саналады.
Жоғарыда келтірілген жіктеу күрделі, ол көпдеңгейлі таксономиялық бөлімдері және жіктеу көрсеткіштері бойынша ажыратылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет