А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет24/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
treatise22703

Бақылау сұрақтары:



  1. Топырақ карталарының типтері?

  2. Топырақ карталарының мазмұнында не көрсетіледі?

  3. Картаның легендасын құрастыру тәсілі.

  4. Топырақ карталарын безендіру әдістері.

  5. Карталарды құрастыру принциптері.


  1. ГЕОБОТАНИКАЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ



9.1 Өсімдік карталарының маңыздылығы және түрлері

Өсімдік жамылғысын картографиялау табиғи жағдайдың барлық кешенін танып білу үшін және тәжірибелік мәселелерді кең ауқымды түрде шешуде үлкен маңызға ие. Карталар игерілген аудандардың табиғи жағдайларын бағалау кезінде, ағаштар қоры, пайдалы өсімдіктер, ауыл шаруашылық жерлерінің және табиғи ортаның басқа да компоненттерін бағалау мен анықтау үшін қажет.


Геоботаникалық карта — өсімдік жамылғысы туралы картографиялық ақпараттың басты формасы - оны талдаудың біртекті және тиімді құралы болып табылады. Өсімдіктің бірыңғай карта классификациясы әзірге жоқ.
Өсімдіктердің таралуының жалпы заңдылығын көрсететін (типологиялық) әмбебапты карталар және шаруашылық маңызына қарай түсіндіретін өсімдік жамылғысын көрсететін (қолданбалы) мамандандырылған карталарға бөлінеді. Екінші топқа ормандар, батпақтар, жайылымдар, әртүрлі өсімдіктер түрлерінің ареалдары, индикациялар карталары жатады.
Әмбебапты геоботаникалық карталар тарихи қалыптасу процесінде түзілген, адамның шаруашылық әрекеті мен табиғи факторлар нәтижесінде пайда болған өзгерістер және қоршаған ортамен байланысы, динамикасы, сонымен қатар табиғи факторлар мен адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінен өзгерген өсімдіктер топтарының таралуын көрсетеді.
Әмбебапты карталарда картографиялаудың негізгі нысаны -түрлері мен тіршілік ету ортасының арасындағы өзара байланыстың белгілі бір құрамын сипаттайтын, біртекті аймақтарда өсімдіктердің бірлестігі ретінде түсіндірілетін өсімдіктер топтары (фитоценоздар) болып табылады.
«Өсімдіктер тобы» термині ешқандай рангысыз қолданыла береді.
Геоботаникалық картографиялау үшін өсімдіктер жамылғысының классификациясы үлкен маңызға ие. Геоботаникада В. Н. Сукачев, А. П. Шенников, Е. М. Лавренко және А. В. Прозоровскийдің еңбектерінде 30-жылдары өңделген және әртүрлі масштабтағы геоботаникалық карталар қалыптастыру кезінде пайдаланған экологиялық-морфологиялық классификация принципі едәуір кең тарады. Картографиялау мақсаты үшін В.Б. Сочаваның фитоценологиялық, экология-географиялық және генетикалық принциптерінде қалыптасып өңдеген географиялық-генетикалық классификациясы үлкен маңызға ие. Классификацияның теориялық негізі келесідей:
1) көп сатылы – әртүрлі көлемдегі таксономиялық категориялардың байланысы;
2) өсімдік жамылғысының бөлінуі олардың құрамы, құрылымы, динамикасы, тарихи дамуы мен географиялық орналасуына әсер ететін, басты белгілерінің бірлестігі бойынша;
3) қауымдастықтың көп өлшемді тарауы – әрбір таксономиялық категорияларды анықтайтын белгілер бірлестігі бойынша.
В. Б. Сочава (1972, 1976) жүйе теориясының негізінде өзінің классификациялық концепциясын дамытты және толықтырды. Ол класссификациялау және геоботаникалық картографиялау кезінде заңдылықтың үш тәртібін: ғаламшарлық, аймақтық және типологиялықты есепке алуды ұсынды. Классификация бірлік өсімдік жамылғысымен байланысқан, «фитоценомерлер» және «фитоценохорлар» терминдері қабылданған екі қатардың түрінде қалыптасқан. Бұл геоботаникалық түсінік – бір-бірімен геомерлер арқылы жалғасатын, бірлестігінде құрылымдық-динамикалық тізбек қалыптастыратын, біртекті құрылымдардың табиғи ареалдары «геомерлер» және әртүрлі құрылымды ареалдар – «геохоралар» туралы ұғымдармен түсіндіріледі.
Классификацияның бірінші қатары типологиялық картасымен сәйкес, екіншісі – геоботаникалық аудандастыру мәселелеріне жауап береді. Бірінші қатар (фитоценомер) келесідей өсімдік жамылғыларының бірлік классификациясынан тұрады:

  • төменгі (топологиялық) деңгей нысандары - ассоциация, ассоциация топтары, ассоциация кластары;

  • аймақтық деңгей нысандары - формация, формация топтары, формация кластары;

  • жоғары деңгей нысандары - формация кластарының фратриясы, өсімдіктердің типі және ғаламшарлық деңгей үшін – өсімдіктер типінің свитасы.

Ұқсас классификациялар кейбір өзгешеліктерімен карталарды құрастыруда қолданылды. Пайдаланылатын «ассоциация», «формация» терминдері белгілі. «Фратрия» термині өсімдік жамылғысында, оның қалыптасуы мен қазіргі таралуының палеогеографиялық жағдайын көрсетеді.
Классификацияның екінші қатары (фитоценохорлар) аймақтық, провинциялық, белдеулік, облыстық, облыстық топтар, геоботаникалық белдеудің өсімдік жамылғыларын аудандастырудың таксономиялық бірлігінен тұрады.
Қазіргі уақытта геоботаниктерде картографиялау кезінде қолдану үшін классификация жүйесі мен өсімдік жамылғысының классификациясы туралы ортақ пікір қалыптаспаған. Геоботаникалық карталарда басылып шыққан қатарлар мазмұны әртүрлі принциптер негізінде өңделген. В.Б.Сочаваның өңдеген классификация – динамикалық жүйенің иерархия классификация ретінде сипатталатын әртүрлі масштабтағы картографиялау мақсаты үшін жасалған.
Геоботаникалық карта әртүрлі мөлшердегі өсімдік жамылғысының үлгісі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты, карта масштабы үлкен болған сайын бұл үлгі нақтырақ және барлық ұсақ таксономиялық классификациялар бірлігі байқалады. Топологиялық деңгейдің бірлігі ірі масштабты карталарда, аймақтық – орта және ұсақ масштабты карталарда, ал ғаламшарлық – дүниежүзілік және құрлықтардың шолу карталарында бейнеленеді. Геоботаникалық картографиялаудың нысаны нақты тіршілік ететін өсімдік жамылғысының қазіргі және берілген аймақтың оны игеруге дейінгі болған табиғи өсімдік қауымдастығы болуы мүмкін. Бұдан картаның келесі түрін анықтауға болады: ежелгі өсімдіктер туралы көрініс беретін, қалпына келтірілген өсімдік жамылғысы; қазіргі және қалпына келтірілген өсімдік жамылғыларын біріктіретін, қазіргі өсімдік жамылғысы карталар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет