А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 8 0 4-ТАРАУ. Батыр - әлеуметтік-мәдени категория



Pdf көрінісі
бет170/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   219
1 8 0
4-ТАРАУ. Батыр - әлеуметтік-мәдени категория
он жасқа толар толмастан, қару асынып, ел қорғау ісіне араласа 
бастайды. Батырлар жырында эсіреленген он жастан асқан бала- 
лардың ерлік көрсетуінің астарында коне дәуірден келе жатқан 
инициация дэстүрі бар. Мысалы, якуттарда жас баланы эскери 
өнерге үйрету үш жастан басталған. Бастапқыда оған шоқ лақты- 
рып, тез қимылдауға үйреткен. Сонан соң қару үстауды жэне са- 
дақ оғынан жалтаруды үйреткен475. Айрықша Сібір корпусының 
аудармашысы, 1813-1814 жылдары Қоқанға жіберілген Филипп 
Назаровтың жазбаларында да «...қазақтар әсіресе атқа мықты, 
өйткені балалары төрт жасқа келер-келместен оларды атқа мінгі- 
зіп үйретеді», - деп жазды 476
Қазақтарда ер балаларды жастайынан ат үстінде еркін жүруге 
бейімдеген. Балаға белі қатайған кезінде «ат мінгізер» дәстүрін 
атқарған. Сондай-ақ, 12-15 жасар ер балаға қынды пышақпен бір- 
ге белбеу тағу дәстүрі қалыптасқан. Бұл дәстүр жас баланың ер 
жігітке айналуын бекіту рәсімі ретінде қабылданған, яғни енді ол 
үлкендер тобына қосылып, бұдан былай ер адамдармен отырып 
тамақ жеуге, олармен бірге бір бөлмеде жатуға құқылы болды 477
Тарихи қалыптасқан жағдай көшпелінің барлық өмірін әске- 
рилендіруге әкеліп соқты. Мәселен, Шыңғыс ханның ұлы Ясса- 
сының бір тармағы бектерге «ұл балаларды садақ ату мен атка 
отыру шеберлігіне жақсылап үйрету мен жаттықтыруды жэне 
оларды ержүрек жэне батыр ретінде тәрбиелеуді» міндеттегені 
айтылған478
Белгілі зерттеуші С.М. Абрамзон қырғыздарда 6-7 жастағы ұл 
балалардың алдымен қойға, содан кейін арнайы ер-тұрманмен 
тайға мініп, сондай-ақ олар арнайы садақтармен құс атып, ауыл- 
дан жырақта түнеуге үйренетіндіктерін атап өтеді. Сонымен бірге 
ұл балаларды тэрбиелеуде олардың қару қолдану біліктілігін ар-
475
Ксенофонтов Г. В. Эллэйада. Материалы по мифологии и легендарной истории якутов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет