26
Қазак халкындағы батырлык дэстүрлер
мен оның өзіндік ұстанымдары,
ар-намыс кодекстері, бет-бейне-
лері туралы тұжырымдары біздің
зерттеу нысанымыздың тарих-
намасында маңызды орын алады.
Зерттеу жұмысымыздың методологиялық негізін диалектика-
лық тарихи даму
заңдылықтары мен өркениеттік, салыстырма-
лық, талдау,
жинақтау, қорыту, жүйелілік әдістері құрады. Сон-
дай-ақ, тарихи ұстанымдар мен тұжырымдамалық ережелер, та-
нымдық теория негіздері басшылыққа алынды.
Қазақ халқының
ауызша тарихнамасы (историология) - шежіре мәліметтері, аңыз-
эңгімелер, тарихи жырлар сыни тұрғыдан талданып, өзара салыс-
тырылды. Зерттеу барысында плюралистік
көзқарас методоло-
гиялық негіз ретінде басшылыққа алынды. Сонымен қатар зерт
теу еңбегінің ғылыми теориялық жэне ғылыми-методологиялық
негіздерін қарастыруда жоғарыда талданған А. Тойнби, А. Вебер.
Л.Н. Гумилев, И.П. Першиц, А. Жданов еңбектері негізгі теория-
лық-методологиялық зерттеулер ретінде басшылыққа алынды.