А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


-mapay Қ А ЗА Қ ҚОҒАМ ЫНДАҒЫ БА ТЫ РЛЫ Қ  ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТАРИХИ БАСТАУЫ  ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы



Pdf көрінісі
бет25/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   219
1-mapay
Қ А ЗА Қ ҚОҒАМ ЫНДАҒЫ БА ТЫ РЛЫ Қ 
ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТАРИХИ БАСТАУЫ 
ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы
«Батыр» сөзі Қиыр Шығыстағы алтай тіл семьясына жататын 
халықтардан бастап, батысында Шығыс Европадағы славян тіл- 
дес халықтарда, солтүстігінде фин-угор тіл семьясына жататын 
халықтарда, ал оңтүстікте Солтүстік Кавказ халықтары арасын- 
да кең тараған сөз болды. Бұл феноменнің басты себебі көшпе- 
лі дүниенің қозғалысқа түсуіне байланысты жаңа әлеуметтік топ 
«батырлардың» қалыптасуы болды. Бүгінде «батыр» сөзінің эти­
мологиясы туралы нақты ғылыми дәлелденген ортақ пікір жоқ. 
Бірақ бұл сөздің бір ерекшелігі қандай тіл күрамында қолданыл- 
масын барлық тілдердегі ұғымы бір.
Қазіргі кезеңдегі тарихи зерттеулерге талдау жасай отырып, «ба­
тыр» сөзінің этимологиясына байланысты зерттеулерді үш топқа бө- 
ліп қарастыруға болады. Бірінші топқа «батыр» сөзі көне түркі тілінде 
қалыптасқан үғым деген пікірді қолдаушыларды жатқызуға болады.
1891 жылы жарық көрген энциклопедиялық сөздікте «бога­
тырь» - түрік сөзі. «Бахгатур», «багадур», «батур», «батырь», 
«батор» деген эр түрлі үлгіде қолданылғаны айтылып, «бога­
тырь» сөзінің ең алғаш Серницкийдің 1585 жылғы кітабында кез- 
десетіндігі атап көрсетілген110
110 Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. - СПб.: Имп. АН, 1911. - Т. 4. - Ч. 2. - С. 95 - 96.
27


2 8
1 -ТАРАУ. Қазак қоғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...
Профессор И.Е. Андреевскийдің энциклопедиялық сөздігін- 
де «батыр» сөзінің ешқандай да орыстық тамыры жоқ, ол алғаш- 
қы кезде татарлардың эскер басының титулы ретінде қолданыл- 
ғанын жэне батырлардың тек татарлар заманынан бастап пайда 
болды деген пікірден аулақ екенін айта келіп, татарлар кезеңіне 
дейін бұл сөздің синонимдері ретінде «храбрь», «хоробрь» сияқ- 
ты сөздердің пайдаланылғанын айтады111 Ал М. Фасмер сөзді- 
гінде «батыр» сөзінің орталық Волга жерінде артель старшина- 
сы, жүкшісі деп қолданылғаны туралы айта келе Соболевскийге 
сілтеме жасай отырып, бұл сөз түріктің «батыр» сөзінен шыққан 
дейді. Ол «ержүрек, күшті, атта шаба алатын адам» орыстың «бо- 
гатырымен» ұқсас деп есептейді. Семантикалық тұрғыдан атаман 
сөзімен салыстыруға болатындығын атап өтеді112
Бірқатар зерттеушілер «батыр» сөзінің этимологиясына 
ерекше мэн бере отырып, оның түркі халықтары арасында ке- 
ңінен тарауы VI ғасырдан бастау алып, ІХ-Х ғасырларда Вол­
га бойындағы түрік тілдес булгарлар мен хазарлар арасында 
тарай бастады деп есептейді. Мысалы, белгілі түркітанушы 
С.Г. Кляшторный «багатур» термин-титулы көне түркілер ара­
сында VI ғасырдан бастап тарай бастады деп есептесе113, ал Ми- 
норский X ғасырда хазарлар арасында кеңінен тараған «багатар» 
титулын Аланияның билеуші топтары қолдана бастады, - дей 
келе, бұл сөзді «багаир» түрінде аландар арасында кеңінен тара- 
ғанын Ибн Руст жазып кетсе, ал грузин хроникаларында да осы 
ұғым кездеседі деп жазды114. В.Б. Пфафф «осетин княздарында 
татарлардың құрметті «Багатар» титулы VIII ғасырда хазарлар- 
мен араласудың нәтижесінде пайда болды деп ж азса115, В.Ф. М ил­
лер «түрік сөздері, соның ішінде «Багатар» сөзі де, осетин тілі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет