А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет67/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
2.Негізгі кезең 
Ертегіні мазмұндау: 
– Балалар, ертегі не жайында айтылған еді? Үйшікті ең алғаш не көрді? 
– Ең алғаш үйшікті тышқан көрді. Тышқан ол үйшікке кіріп көрсе, ішінде ешкім 
болмады. Содан бері үйшікте Тышқан жалғыз өзі тұра берді. Одан кейін оған Бақа 
қосылды. Бақа мен Тышқан үйшікте тұрып жатса, оларға секіріп қоян келді. Сөйтіп, үшеуі 
тату-тәтті өмір сүріп жатса, оларға Түлкі келіп қосылды. Ең соңында Аю да осы үйшікте 
тұрғысы келді. Аюға: «сыймайсың» деп еді, Аю ренжіді. Содан есікке сыймаған Аю 
шатырдан кіргісі келді. Аю шатырға көтерілгенде, үйшік бұзылды. Аю қатты ұялды. Бірақ 
оған Тышқан, Бақа, Қоян, Түлкі еш ренжімеді. Керісінше, қайтадан барлығы бірігіп, жаңа 
үй тұрғызды.
– Өте жақсы, балалар. 
– Балалар, бір Тышқан өзі ғана үй сала алар ма еді? (Жоқ) 
– Міне, біріккеннің арқасында өздеріне үй жасап алды. Үйді тұрғызуға қандай жануарлар 
атсалысты? 
– Тышқан, Бақа, Қоян, Түлкі, Аю.
–Иә, дұрыс айтасыңдар, еңбексіз үй бітеді ме? (Жоқ). 
Сергіту жаттығуы: 
Еркiн ұста денеңдi, 
Тарсылдатпай едендi. 
Орнымыздан тұрып ап, 
Жүгiрейiк бiр уақ. 
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. 
Аяқты алға созайық 
Тiк көтерiп, қозғайық. 
Тым сылбыр да болмайық. 
Алға қарай озбайық. 
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. 
Демонстрациялық құрал: «Сурет бойынша әңгімеле» (суретте жұмыс жасап жатқан 
адамдар суреті) Мысалы: Мен мұндағы суреттерден адамдардың үй салып жатқанын көріп 
тұрмын. Құрылысшылар «қаламызда әдемі үйлер көп болсын», – деп үйлер салуда. 
Дидактикалық ойын:Не қажет? 
Ойын шарты: дәптердегі «Құрылыс салуға қажетті құралдарды қорша» тапсырмасын 
орындау. 
Қорытынды кезең (рефлексия) 
Ойды толық сөйлеммен жеткізе білдіруге дағдыландыру. Еңбек , достық туралы мақал-
мәтелдермен қорытындылау. 
 
№34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет