30
рызда американдық ұшақтар Жапонияны бомбалап, бұл «отты
дауыл» нәтижесінде Токионың ӛзінде 197 мың адам қаза тапты.
Жаппай бомбалаудан кӛптеген жапон қалалары қирады,
әсіресе бейбіт тұрғындар зардап шекті. Бірақ Жапония қарсыла-
суды тоқтатқан жоқ. 1 сәуір күні Жапонияның ӛз территориясы
Рюкю-Окинав архипелагында соғыс басталды. Мұндағы шайқас
1945 жылдың маусымына дейін жалғасты. Бұл кезде Еуропада
соғыс қимылдары аяқталғанмен американдықтар Жапонияға
қарсы соғыс 1946 жылға немесе 1947 жылға дейін жалғасуы
мүмкін деп шешті. Дегенмен, американдық ғалымдар атом бом-
басын пайдалануға арналған - «Манхэттен» жоспарын аяқтаған
болатын. Американдық мамандар: Жапонияға «қарсыластық со-
ғысты не тоқтата алады» деп сұрақ қойғанда, «тек аяқ асты күт-
пеген оқиға» деп жауап қайтарады. Сосын американдықтар
1945 жылы 25 шілдеде жапондық үкіметке - ел шексіз тізе бүгу-
ді қабылдау керектігін ескертеді. Ал 1945 жылы 6 тамызда
Херосимаға, ал 9 тамызда Нагасакиге АҚШ үкіметі атом бомба-
сын тастады, нәтижесінде 450 мың адам қаза болып, жаралан-
ды. 1945 жылы 2 қыркүйек күні Жапония тізе бүгу туралы келі-
сімге қол қояды. Соғыс аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: