А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Соғыстан кейінгі оккупациялық режим (1945-1952)



Pdf көрінісі
бет20/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Соғыстан кейінгі оккупациялық режим (1945-1952). 
Жапония Потсдам конференциясының шексіз тізе бүгуі туралы 
ұсынысын қабылдады. Осының артынша одақтас державалар 
атынан қимыл жасаған американдық әскерлер оккупациялады. 
Осы уақыттан бастап 1952 жылғы Сан-Франциско бейбіт келісі-
міне дейін елдегі жоғарғы билік АҚШ-тың қолында болды.
Мемлекеттің ең маңызды салаларының барлығы Америка 
ӛкілдерінің қолында болды: қаржы жүйесі, мемлекеттік кіріс, 
сыртқы сауда, несие беру және полициялық аппарат, сонымен 
бірге парламенттің заңшығарушы билігін қысқартты. Жапон 
үкіметі басқа мемлекеттермен байланыс жасау құқығынан айы-
рылды, сыртқы байланыстың барлық салалары оккупациялық 
биліктің қолында болды. 
1945 жылы қыркүйекте армия және картельді ұйым, ұлт-
тық ұйымдар таратылды. Дзайбацу (қаржы-ӛндіріс концерндері) 
таратылды, жер реформасы жүргізілді, помещиктік жериелену-


31 
шілік жойылды. 1946 жылы 1 қаңтарда император кӛпшілік ал-
дында ӛз династиялық билігінен кетті. 
Мемлекеттік құрылымдағы маңызды ӛзгеріс 1946 жылы
3 қарашада жаңа конституцияның қабылдануы, ол 1947 жылы
3 мамырда күшіне енді (осы конституция қазірге дейін күшін 
сақтап келеді). Ол монархияның шексіз билігін жойды және 
императордың саяси билікке араласуын тоқтатты, ол тек ұлттық 
бірліктің символы ретінде сақталды. Халықтың егеменді билігі 
жарияланды. Жаңа Конституция бойынша ерлермен әйелдер тең 
құқылы азамат болып жарияланды. Жалпыға бірдей сайлау 
құқығы енгізілді, патриархальды отбасылық жүйе жойылды. 
1947 жылдан кейін, әсіресе Кореядағы соғыстан (1950 ж.) 
кейін американдықтар кері бағыт жүргізді. Ол бойынша: оппо-
зициялық қозғалысты жою (әсіресе кәсіподақ пен коммунистік); 
дзайбацуды таратуға қатысты саясатты қайта қарау; Жапонияны 
қайта қаруландыру. Радикалды қозғалыстарға қарсы репрессия-
лық шаралар қолданылды (жұмыстан шығару, баспаханаларды 
жабу т.б.), ереуілге тыйым салынды. 
1949 жылға дейін экономиканы қалпына келтіру негізінен 
ірі монополияларға субсидия беру және американдық кӛмек 
арқылы іске асырылды. Үкіметте ӛндіріс орындарын дамытуға 
қанша күш жұмсалса да инфляция ӛсе берді. Сол үшін 1948 жы-
лы желтоқсанда американдық үкімет тұрақтандыру жоспарын 
енгізді, ол бойынша жапон үкіметі мынадай міндеттерді қабыл-
дауы керек болды: 1) мемлекеттік бюджетті қысқарту; 2) салық-
ты кӛбейту; 3) субсидияберуді шектеу; 4) жалақы жүйесін қада-
ғалау; 5) бағаға бақылау енгізу; 6) сыртқы сауда және шетелдік 
валюта жүйесін күшейту; 7) экспорт ӛндірісіне қатысты мате-
риалмен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту; 8) жергілікті шикі-
зат ӛндірісін кӛбейту және импорттық тауарды шектеу; 9) азық-
түлікті тасымалдау жүйесін жақсарту. 
1949 жылы мамырда АҚШ Жапонияның репарация тӛлеу 
жоспарын жойды, сосын монополияға қарсы заңды қайта қарау-
ды қолға алды, ӛндіріс пен капиталды шоғырландыруға жол 
ашылды. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет