А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Екінші және Ҥшінші республика жылдарындағы



Pdf көрінісі
бет27/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Екінші және Ҥшінші республика жылдарындағы 
Оңтҥстік Корея (1960-1972 жж.).
Сәуір революциясы нәтиже-
сінен елде ӛтпелі үкімет құрылды, ал 1960 жылы маусымда пар-
ламент конституцияға ӛзгеріс енгізіп, онда президентті екі пала-
талы парламент арқылы сайлау ұсынылды. Сайлауда Минчжу-
дан (1955 жылы құрылған оппозициялық демократиялық пар-
тиясы) жеңіске жетті. Елдің президенті 
Юн Бо Сон
, ал премьер-
министрі 
Чан Мен
болды. 1960 жылы 1 қазанда Оңтүстік Корея-
да екінші республика орнады. 
Сыртқы саясатта корейаралық қарым-қатынас жақсара 
бастады. Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы жетістіктер салыс-
тырыла бастады. 
Бірақ кӛп ұзамай елде генерал-майор 
Пак Чжон Хи
баста-
ған офицерлер тобы әскери тӛңкеріс жоспарын жасады. Кӛтері-
ліс 1961 жылы 15-нен 16 мамырға қараған түні болды. Ұлттық 
жиналысты таратты, партия және қоғамдық ұйымдардың қызме-
тіне, демонстрация және митингі ӛткізуге тыйым салынды, кӛп-
теген баспаханалар жабылды. Премьер-министр Чан Мен ӛзінің 
биліктен кететіні туралы арнайы хабарлады.
Үкіметтегі әскерилер 1962 жылы наурызда саяси қызметті 
реттеу, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың саясатпен айналы-
суына тыйым салатын заңдар қабылдады. Оңтүстік Кореядағы 
барлық алдыңғы қатарлы саясаткерлер «қара тізімге» алынды. 
Әскерилер 1962 жылы желтоқсанда жаңа президенттік 
сайлауға дайындық бастады, жаңа конституцияға референдум 
ӛткізді, онда президенттің жеке билігі күшейтілді. Ол шексіз 
билікке ие болды: премьер тағайындау, келісімді немесе шартты 
бекіту, соғыс ашу немесе бейбіт бітім жасау, қолбасшы болу т.б. 
Сайлауға қатысу үшін әскерилер 1963 жылы ақпанда Де-
мократиялық Республикалық партиясын (ДРП) құрды, ал та-
мызда жақын арада әскери қызметтен кеткен Пак Чжон Хидің 
кандидатурасын ұсынды. Қайта құрылған Демократиялық бас-
қару партиясы ӛз кандидаты етіп 
Юн Бо Сонды
ұсынды. Ең не-
гізгі күрес осы екеуінің арасында болады. 1963 жылы қазанда 
болған сайлауда Пак Чжон Хи жеңіске жетті. 1963 жылы қара-
шада Ұлттық жиналысқа сайлау болды, онда кӛпшілік орынға 


41 
ДРП ие болды. 1963 жылы17 желтоқсанда салтанатты түрде 
Үшінші республиканың
орнағаны туралы жарияланды, олар елге 
арнайы түрде конституциялық басқару түрін қайта енгізді. 
1960 жылдардың ортасында Оңтүстік Кореяда экономика-
лық даму үрдісі басталды. Бастапқы кезде жеңіл ӛнеркәсіп, со-
сын ауыр индустрия дамыды, жаңа технологиялар пайда болды, 
халыққа қызмет кӛрсету мен сауда жүйесі дамыды. Біртіндеп 
халықтың әлеуметтік құрамы да ӛзгере бастады, яғни ауыл тұр-
ғындарына қалалық жерлерден жаңа жұмыс орындары берілді. 
Дәстүрлі ӛмір салтына байланысты психология саласында үлкен 
алға жылжу байқалды, орташа және жоғарғы білім беру жүйесі 
дамыды. 
Үкіметке қарсы шараларды басу үшін Пак Чжон Хи ӛзінің 
танымал идеясы, яғни КХДР мен байланыс орнатуды қолға 
алды. 1971 жылы тамызда Солтүстікпен келіссӛз болды және 
тӛтенше жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік енгізілді. 
Сондықтан ол конституцияға қайшы келді. 
1972 жылы 12 қазанда Сеул кӛшелерінде күтпеген жерден 
танклер мен әскер енгізіліп, олар университет ғимараттарын, оп-
позициялық партиялардың штаб-пәтерлерін, байланыс орталық-
тарын басып алды. Пак Чжон Хи радиодан әскери тәртіптің 
орнағаны туралы жариялады және келесі шаралар қабылданды: 
Ұлттық жиналыс таратылды, конституция қызметі тоқтатылды, 
ал жаңа конституция қабылдауды президент ӛз мойнына алды
яғни оны ұлттық референдум бекіту керек болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет