Экономикалық даму (1960 ж. ортасы 2000 ж. басы). Бүкіл 60-шы жылдар бойы Жапонияның экономикасы жоғары
қарқынмен дамыды. 1961-1970 жж. ішкі ұлттық кіріс 11%-ға ӛс-
ті, ол кезде Ұлыбритания-2,8%, ал АҚШ-4,1% болған. Жапония-
ның ӛнеркәсіп ӛндірісі 1951-1970 жж. 15,2%, ал аталған елдерде
3 және 4% болды.
1960-шы жылдардағы Жапония экономикасының дамуын
бірнеше факторлармен келтіруге болады. Жоғарғы ӛндірістік
еңбекке ӛте тӛмен жалақы алып отырды. Жапонияда ӛндіріс
орындарындағы жұмысшылардың нақты жалақысы 1969 жылы
АҚШ, Ұлыбритания және ГФР-мен салыстырғанда 4 есе тӛмен
болды.
80-ші жылдары Жапония үздіксіз дамушы елдер қатарын-
да қала берді (АҚШ және ЕЭО). Артық алтын және валюта қо-
рынан үнемі бірінші орынды иемденіп келді. Адам басына шақ-
қанда кіріс жылына 18 мың долл. болды. Ауыл шаруашылығы
да тамаша дамып, 125 миллиондық халықты азық-түлікпен қам-
тамасыз етті. 1991 жылы Жапонияның ӛнеркәсіп ӛндірісі Батыс
Еуропа елдерін басып озып, АҚШ деңгейінен 90% кӛтерілді.
Жапония кӛбіне ӛндіріс саласында электр заттары, компьютер,
телевизор, бақылау-ӛлшеу заттары. Автоматтандыру заттары,
биотехнологияларды шығарумен айналысты. Қазіргі кезде
Жапония видеоаппараттардың әлемдік ӛндірісінің 90% шығарады.
Алайда, 1997-1998 жылдар «азияттық дағдарыс»
Жапонияға үлкен шығын алып келді. Ӛйткені, Жапонияның
сыртқы саудасының 28% Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шыға-
рылып тұратын, ал дағдарыстың нақты ошағы осы аймақтан
басталды. Тек 1999 жылдан кейін ғана қайта экономикалық да-
му басталды.
2003 жылы және экономикалық қиындықтың бәрін артқа
тастап, қайта даму жолына түсті. Ұлттық экономиканы дамы-
туда жапондық корпорациялар стратегиялық шикізаттың жаңа
кӛзін пайдалануда. Бұл қайта күн тәртібіндегі ӛзекті мәселеге
айналды.
34
Қазір Жапония әлемдік ӛнімнің 14% игеруде, 400 млрд.
долл. ӛнімді экспортқа шығаруда. Кеме жасаудан әлемде бірінші
орында. Сӛйтіп, жапон капиталы батыстық жобаларда да алдың-
ғы қатарда келеді.