А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі



Pdf көрінісі
бет33/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі. 
1922 жылдары елдің 
ішінде ӛз позициясын күшейту үшін 
Сунь Ятсен
Кеңес үкіметі-
мен байланыс орнатуға кірісті. Ал 1923 жылы наурызда КСРО-
дан Азамат соғысының батыры Павлов, В.К.Блюхер, сосын 
Михаил Бордин бастаған саяси және әскери кеңесшілері Қытай-
ға келді. Олардың ұсынысы бойынша Сунь Ятсен коммунистер-
мен байланыс орнатты. 1923 кӛктемде Қытай коммунистік пар-
тиясы Орталық Комитеті Гуанчжоуға орналасты.
1924 жылы қаңтарда Гоминьдан партиясы мен Қытай 
Коммунистік партиясының біріккен съезінде жаңа Бағдарлама 
мен Жарғы қабылданды. Жарғыда үш саяси бӛлім қаралды: 
КСРО-мен одақ құру және жұмысшы, шаруаларға қолдау кӛрсе-
ту. Ал Бағдарламада келісім нысандарға қол жеткізу қаралды:
1) әскери бірігу; 2) алты жылдық қамқорлыққа алу кезеңі;
3) конституциялық басқаруға кӛшу. Сонымен бірге Сунь Ятсен-


50 
нің жаңа «халықтық үш қағидасы» талқыланды: «ұлтшылдық»-
шетелдіктердің зорлық-зомбылығын жою; «халық билігі»-мили-
таристерді үкімет билігінен қуу; «халық берекесі»-мемлекеттің 
халықты әлеуметтік жағынан қорғауы.
Гоминьдан партиясының Жарғысында үш саяси бӛлім 
сақталды: Кеңестік Ресей және ҚКП мен одақ құру, жұмысшы, 
шаруаларға қолдау кӛрсету. Ал ҚКП-ның Бағдарламасында мы-
надай нысандар қаралды: 1) әскери бірігу; 2) алты жылдық қам-
қорлық кезеңі; 3) конституциялық басқаруға кӛшу. 1924 жылы 
мамырда Ванпу (Хуанпу) аралында (Қытайдың оңтүстігі) 
КСРО-ның кӛмегімен офицерлер мектебі ашылды.
Бірінші Азамат соғысы. 
1924 жылы қазан айында 
Чжилидегі генералдар тобынан шыққан Фэн Юйсян Пекиндегі 
Чжан Цзолинге қарсы соғыс ашып, билікті ӛз қолына алды. Ол 
Сунь Ятсенмен, Гоминьдан партиясымен және ҚКП-мен байла-
ныс орнатып, тіпті КСРО-дан да кӛмек сұрады. Ол әскерін Ұлт-
тық Армия ден қайта жасақтады. Фэн Юйсяннің қолбасшылы-
ғында үш армия: біреуі - Пекинде, ал екеуі - Хунань провинция-
сында болды. Фэн Юйсян Қытайда коалициялық партия құру 
үшін Сунь Ятсенді Пекинге шақырды. Сонымен 1924 жылы қа-
рашада Сунь Ятсен тұтас мемлекет құру үшін Пекинге келді. 
Бірақ ол кезде Сунь Ятсен ӛте қатты науқас болатын. Ауру ӛз 
дегеніне жетіп, 1925 жылы наурызда бірнеше ай Пекинде ауы-
рып жатқан 
Сунь Ятсен қайтыс болды
. Алайда, Қытайда одан 
басқа беделді қайраткер болған жоқ. Сунь Ятсеннің қазасынан 
кейін Гоминьдан партиясы ішінде билік үшін күрес басталды. 
Гоминьдандағы алдыңғы қатарлы рӛлге таласып жүргендердің 
бірі, әскери қызметкер 
Чан Кайши
болды. Дегенмен, Оңтүстік-
тегі үкімет билігін Ван Цзинвэй басып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет