53
жүргізетін алаңға айналды. 1942 жылы кӛктемде жапондықтар
Нанчан ауданындағы Фуцзян провинциясына шабуыл жасайды.
Сонымен Фуцзян провинциясында
олар жеңіске жеткенмен,
Нанчан ауданында жеңіліс табады.
1942 жылдың жазынан бастап жапондықтарды қырсық
шала бастайды, енді олардың қарсыласуға шамалары келмей
қалды. 1943 жылы жапондықтар Янцзыны тастап шығады. Ал
1944 жылы күтпеген жерден жапондықтар шегіне бастайды.
Бастапқы
кезде Хэнань провинциясын, сосын Хунань провин-
циясын, ал желтоқсан айында Гуанси және Гуйчжоуды тастап
кетеді. Жапондықтардан азат болған аудандарда коммунистер-
дің билігі күшейтіледі. Осыдан кейін Гоминьданның әсіресе Чан
Кайчидің АҚШ алдында беделі күрт түсіп кетеді, әскердің қау-
қарсыздығы
байқалды.
Тіпті
американдық
генерал
Дж.Стилуэллдің ӛзі де Гоминьдан
жағына ауыр сын айтып,
Қытайдан кетіп қалады.
Соғыстың аяқталу кезеңі.
1945 жылдың басында жапон-
дықтар Чан Кайшимен қайта келіссӛз жүргізуге талпыныс жаса-
ды, тіпті әскерлерін Қытайдан алып шығуға дейін дайын болды.
1945 жылы наурызда Чан Кайши соңғы жауабын да берді:
жапон әскері елден толығымен шығарылғаннан және Ван
Цзинвэйдің қуыршақ үкіметі жойылғаннан соң, сонымен бірге
Жапония Қытайға кӛрсеткен шығынын тӛлеуге келіскен күнде
соғыс тоқтайды. Бірақ бұл кезде соғыс та ӛз межесіне жетіп қал-
ған болатын: американдық әскери
ұшақтар жапон территория-
сын үзбей бомбалап, 1945 жылы сәуірде Окинавқа басып кіреді.
Ал Германиямен соғысты аяқтаған соң, КСРО-да Жапонияға
қарсы соғысуға тілек білдірді.
1945 жылы 6 және 9 тамызда жапондық қалалар Херосима
мен Нагасакиге атом бомбасы тасталғаннан кейін, жағдай мүл-
дем ӛзгерді. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын жыл-
дамдата түсті. 1945 жылы 12 тамызда Чан Кайши елді толықтай
жапондықтардан тазарту туралы бұйрық берді. 1945 жылы
тамыз-қыркүйек айларында Американың жолаушы тасымалдай-
тын ұшағы кӛмегімен Чан Кайши
әскері Қытай территориясы-
ның кӛп бӛлігіне бақылау орнатты, ал порттарға американдық
54
теңіз флоты түсірілді (90 мың адам). Аз ғана уақыттың ішінде
американдықтар 39 дивизияны толық қамтамасыз етуге болатын
олжадан түскен қару-жарақ береді
және Ван Цзинвэйдің қуыр-
шақ армиясынан тәркіленген (750 мың адам) барлық қаруды осы
Чан Кайши армиясы иеленді.
Кеңестік әскер осы кезде Маньчжурия және Ішкі
Монғолияға қарай жылжиды. 1945 жылы қыркүйек-қараша ай-
ларында олжадан қолға түскен қару-жарақты қытай коммунис-
терінің 4-ші және 8-ші армияларына берді, соның ішінде:
250 мың-мылтық, 2300 пулемет, 5,5 мың-артиллерия қаруы, 900
танктер, 840 ұшақ және мыңдаған автокӛлік.
Бұл техниканың
кӛп бӛлігін жапондықтар пайдаланып үлгерген де жоқ еді. Ол
кезде Қытайдың Қызыл армиясы 300 мың адамды құрады.
Соғыс барысында олар Солтүстік Қытай территориясына бақы-
лау орнатты: Ішкі Монғолия, Маньчжурияның үлкен бӛлігі,
Шаньдунның бір бӛлігі, «Ерекше әкімшілік аудандар» (Шэньси-
Ганьсу), сонымен бірге Аньхой және Цзянси провинцияларының
кейбір территориялары - барлығы 120 млн. халқы бар 2 млн. кв.м.
Достарыңызбен бөлісу: