55
1946 жылы елде қайта Азамат соғысы басталды, ал оның
бірінші кезеңі 1947 жылдың ортасына дейін жалғасты. АҚШ-
тың қолдауындағы Чан Кайши армиясы бастапқы кезде үлкен
табыстарға жетті. Соғыстың қорытындысы 1948 жылдың соңын-
да 1949 жылдың ортасында ерекшелене бастады. Пэн Дэхуай
басшылығындағы Бірінші армия елдің солтүстік батысына ор-
наласты, Лю Бочэннің
Екінші армиясы Орталық Қытайға, Чэн
Идің Үшінші армиясы шығысқа орналасты, Линь Бяоның Тӛр-
тінші армиясы Маньчжурия жеріне орналасты.
Коммунистер
бастапқы кезде Шэньян ауданын, сосын Чаньчунді, сӛйтіп, бір-
тіндеп Солтүстік-Шығыс Қытайдың кӛп бӛлігін ӛз бақылаула-
рына алды. 1949 жылы 21
қаңтарда Чан Кайши Қытай
Республикасының президенттік орнынан бас тартты. 1949 жыл-
дың күзінде тек Тайвань мен Тибет ҚКП-ның бақылауынан тыс
қалды. Сонымен бірге Гонконг пен Макао бұрынғыдай
Ұлыбритания мен Португалияның басқаруында қалып қойды.
Достарыңызбен бөлісу: