А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Экономикалық және саяси даму (1957-1985 жж.)



Pdf көрінісі
бет31/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Экономикалық және саяси даму (1957-1985 жж.).
1956 жылы сәуірде қалпына келтіру кезеңі жақсы аяқталған соң 
КЕП-ның ІІІ съезі ӛткізілді. Онда елді социалистік жолмен ин-
дустриаландыру бағыты қаралды, ұжымдастыру аяқталды, елде 
1957-1961 жылдарға арналған бесжылдық жоспары қабылданды. 
1960 жылдары Солтүстік экономиканың барлық түрінен 
жоғарғы кӛрсеткішіне ие болды. КХДР-да индустрия саласының 
жақсы дамуы сыртқы сауда байланысын дамытты, ал сауда с-
ріктестері осы бесжылдық кезінде 10%-дан 40%-ға дейін ӛсті. 
1950-1960 жылдары Ким Ир Сен 
чучхе
идеологиясын даярлады 
(чучхе- «ӛз денеңе ӛзің қожайынсың» «сам хозяин своего тела»). 
Онда бүкіл корейлерді тек ӛз күшінен ғана тірек іздеу, таза ұлт-
тық қасиеттерді дамыту, қандайда бір сыртқы, әсіресе шетелдік 
ықпалды қабыл алмау. Бірақ ол үлкен нәтиже берген жоқ. Ақша 
және еңбек ресурстарын шашу болды, ол халық шаруашылы-
ғында дағдарысқа алып келді. 
1960 жылдардың ортасы 1970 жылдардың басында КХДР-
ның экономикалық қарқыны бәсеңдей бастады. 1980 жылдары 
да бұл үрдіс тоқтаған жоқ. 
КХДР-ның ішкі саяси ӛмірінде Ким Ир Сеннің үлкен ұлы 
Ким Чен Ирдің партиялық және мемлекеттік рӛлі күшейе баста-
ды. Солтүстік Кореядағы кӛптеген лидерлердің отбасыларын-
дағы мүшелері КЕП- да және мемлекеттік аппараттағы жоғарғы 
орындарды иемденді. Ал 80-ші жылдары құқық және ӛкілеттілік 
жағынан кіші Ким мемлекетте екінші орындағы адам болды. Ол 
ішкі саясаттың барлық бағытына басшылық жасады. 


46 
Жаңа ғаламдану жағдайындағы КХДР.
КСРО-ғы қайта 
құрулар КХДР-на кері әсерін тигізді. Пхеньянның дәстүрлі се-
ріктестері бұрынғы социалистік мемлекеттермен және Батыспен 
сауда-саттық нашарлады. Нәтижесінде КХДР-да экономика қар-
қыны баяулады, халық шаруашылығының кӛп саласында дағда-
рыс орын алды. 
1988 жылдан бастап КХДР-сы Шығыс Еуропадағы кӛпте-
ген социалистік серіктестерінен айырыла бастады. Сосын КСРО. 
Ал 1990 жылдардан бастап Солтүстік Корея мемлекеті де басқа 
бұрынғы 
социалистік елдер секілді «жаңа ӛмірге» үйрене бастады.
1994 жылы шілдеде 
Ким Ир Сен қайтыс болып
, оның 
орнына баласы 
Ким Чен Ир
келді. Ким Чен Ир мемлекеттік-пар-
тиялық жүйені қайта жалғастырды. Дегенмен, 90-шы жылдар-
дың ортасында бұл жүйенің қабілетсіздігі біліне бастады.
Қоғамдық азық-түлік, ӛнеркәсіп ӛндірісінің қарқыны тӛ-
мендеді, электр қуаты, жанар-жағар май, шикізат және т.б. тап-
шылық күйге түсті. Ауыл шаруашылығында да тоқырау бастал-
ды: дәнді дақылдар, әсіресе тамақтың негізгі түрі - күріштің де 
түсімі нашарлап кетті. Сонда да елдегі басшылық мұндай жағ-
дайдан шығу жолын бұрынғыдай әлеуметтік және экономика-
лық реформа арқылы шешуді қарастырды, яғни күшті тәртіп пен 
шектеулер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет