А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Жауабы: Бірінші отбасылық жағдайда ауру балалардың туылу  мүмкіндіктері 10%, ал екінші отбасында – 35%.    Есеп 2.40



Pdf көрінісі
бет47/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159
Жауабы: Бірінші отбасылық жағдайда ауру балалардың туылу 
мүмкіндіктері 10%, ал екінші отбасында – 35%. 
 
Есеп 2.40.
Адам бойының ұзындығы бірнеше тіркеспеген гендермен анықталады, 
олардың өзара әрекеттестіктері полимерия типімен жүреді. Сыртқы ортаның 
әсерін ескермей және үш генменен шектелсек, онда абстатракты популяцияның 
ең қысқа бойлы адамдарында үш геннің де рецессивті аллельдері бар және 
олардың бойларының ұзындығы - 150 см, ал ең ұзындарда тек қана доминантты 
гендер бар және ұзындықтары - 180 см. 
Егер осы популяцияда үшгетерозиготтылар болса, онда олардың бойлары 
қандай болмақ? Қысқа бойлы әйел орта бойлы еркекке тұрмысқа шықты. 
Олардан туылып, есейген ұрпақтардың бойының ұзындықтары мынадай 
болған:165 см, 160 см, 155 см, 150 см. Анасының және әкесінің генотиптерін 
және олардың бойларының ұзындықтарын анықтаңдар.
Объектадам. 
Белгі: ұзындық. 
Символдар: А, а; В, b; C, c – гендер, олардың доминантты аллелдері 
ұзындықты шығарады, ал рецессивтілері – қысқа бойды. 
Берілген: А, В, С тіркеспегендер; полимериялы; индивидтердің ұзындығы 
ААВВСС генотипімен және қысқалығы ааbbсс, осыған сәйкес бойдың 
ұзындығы тең 180 және 150 см. 
1) Генотиптері АаВbСс индивидтердің бойларының ұзындығын анықтаңдар?
2) Р
1,2
қысқа болы х орта бойлы 
F
1
: ересек ұрпақтардың ұзындықтары 165, 160, 155, 150 см. 
G(P
1,2
) – ? Ph(P
1,2
) – ? 
Шешімі: Былай деп шешсек, түрлі гендердің доминантты аллелдері 
белгінің көрінуіне теңдей үлес қосады. Онда доминантты аллелдің үлесі тең: 
(180 см – 150 см)/6 = 5 см. 
1. АаВbСс генотипті индивидтердің бойлары: АаВbСс=150 см+ 5см∙ 3= 
165см.


71 
2. Ұрпақтың бірінің бойының ұзындығы минимальды, яғни оның генотипі 
- ааbbсс. Қалғандарының айырмашылықтары 5, 10, 15 см, яғни, 1-ші, 2-ші және 
3-ші доминантты аллелдердің теңдей әсері. Отбасындағы әйелдің бойы қысқа
еркектің бойы орташа, ал ұрпақтың бірінің генотипі ааbbсс, осыдан ата тегінің 
генотиптері мынадай: әйелдің - ааbbcc; еркектің - АаBbСс. Осыған сәйкес 
әйелдің бойының ұзындығы - 150 см; еркектің - 165 см. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет