448
РАННЕСАКСКАЯ
ШИЛИКТИНСКАЯ КУЛЬТУРА
рынан құрылған. Жалғыз ақ 2 асықтың орташа деңгейде сақталғанын
атап айтқан жөн.
Жоғарыда
айтып кеткендей, үй жануарларымен бірге жабайы
аңдар сүйектерінің бар болғандығын болжап отырмыз, бұғы, құлан,
сонымен бірге тағы еліктер жатады. Аңдардың жауырын, асықтар,
тұяқтың ішкі сүйегі, кейбір мойын омыртқалардың мүжілген қалдықта-
рын айтуға болады.
Жыртқыштар мен кеміргіштер тобына жататын қарсақ пен суыр-
дың сүйектерінің саны 55-ке жетті. Бұлардың басқа жануарлардан ерек-
шелігі олар өте жақсы сақталған. Олардың сүйектерінің
анатомиялық
элементтері бұзылмаған. Солардың ішінде жіліктер, бас сүйектері,
тістері, омыртқалары табылды.
Обаның сыртқы бөлігінен табылған жануарлар жануарлар сүйек-
терінің ішінен қолмен өңделген бірнеше тұрмыстық сүйек заттар табыл-
ды. Осы заттардың сипаттамасы төмендегідей:
1. Ұсақ жануарлар асығы. Оның барлық жақтары, жоғары жағымен
қарама-қарсы жағының аумағы (19х28,5 мм.) және бүйірлері (44х24мм.)
элипсті түрде үлкен ұқыптылықпен жылтыратып өңдеуден өткізілген.
Асықтың өңделуі қандай мақсатқа жасалғаны белгісіз болып отыр.
2. Сүйектен жасалған ұршық. Бұл тұрмыстық зат екі бөлшектен
тұрғаны жүргізілген остеологиялық зерттеудің нәтижесінде анықталды.
Сүйек ұршықтың бірінші бөлігі дөңгелек жұқа тесігі бар табақша.
Табақшаның ортасындағы тесігінің диаметрі – 8,5 мм., қалыңдығы – 6
мм., ал табақша диаметрі – 39х41мм.
Ұршықтың осы бөлігіне жылқы-
ның төменгі дақсүйегінің жартысының жатық бөлігі алынған. Шілік-
тіліктер ұршықтың осы бөлігіне пайдаланар кезінде төменгі жақсүйектің
анотомиялық және физикалық ерекшеліктерін ескере отырып алынға-
нын аңғару байқалады: Біріншіден оның тегістігі әрі жалпақтылығы;
екіншіден қалыңдылығы; үшіншіден – мықтылығы. Соңғы қасиеті
төменгі жақсүйектің жылқының ұзақ мерзімде қозғалыста болатыны
ескерілсе керек.
Жұқа сүйек табағы ұршықтың қосымша бөлігі болып табылады.
Себебі жұқа сүйек табағының ортасындағы тесігінің екінші ұршық бөл-
шегімен бірдей, яғни 8,5 мм. Жұқа сүйек табағының жоғарғы беті ерекше
тегіс өңделмеген.
Үшінші табылған тұрмыстық зат ретінде
айтатынымыз жоғарыда
айтылған тесігі бар жұқа сүйек табағының екінші құрамдас, ұршық бөлі-
гінің негізгісі. Бұның біріншіден айырмашылығы өте қалың (40мм.)
жұмыр және жатық өңделмеген, ортасында 8,5 диаметрлі тесігі бар.
Ұрщықтың беттеріндегі өрнектерге ұқсаған дақтар белгілері өсімдіктің
тамырының қалдырған іздері екені басқа да жануарлар сүйектерінен де
табылғаны оған айғақ болады. Сонымен бірге оба үйіндісінің жер бетін-
Archaeological
Library
of
Kazakhstan
449
РАННЕСАКСКАЯ ШИЛИКТИНСКАЯ КУЛЬТУРА
Төрт түрлі жануарлардың бар болғаны анықталды. Жылқы, ұсақ
мүйізді малдар. Ін жасап мекендеген қарсақ, суырлар болды. Қарсақ пен
суыр топамалары болды. Жануарлардың сүйектеріне қар 51 сүйектен
құралады. Атап айтқанда бас сүйек фрагменттері, алдыңғы және артқы
жіліктері, басқа да аңдардың бар жоғы қазіргі кезде идентификация
жұмыстарын жүргізілуде.
Сипаттама жасалған жануарлар сүйектері
арасынан сол кездегі
қол өнердің қарқынды орын алғандығын, тұрмыстық заттардың бар
болғандығын анықтадық. Сүйектерден жасалған сүйек ұршық, сонымен
бірге өңделген ұсақ малдың асықтары бұған дәлел бола алады. Айта кет-
сек тоқыма өнері, малдың жүнін иіріп киімдер
тоқу нақты негіз болады
дейміз. Бұл жайындағы толық мағлұматтар остеологиялық, остеметри-
ялық, тросиологиялық зерттеулер қорытындылары дәйекті түрде сипат-
талады.
Қорытындылай келе айтқанда №36 қорған соңғы жылдарда
қазылған қорғандар сияқты жануарлар жақсы сақталған сүйек топтама-
сы шымдар мен құм топырақтарының беткі қабаттары арасынан табыл-
ды. Жануарлар түрлері үй жануарлары – ұсақ малдар (қой) мен жылқы,
сиыр және жабайы аңдар сүйектерінен құралғаны анықталды.
дегі бөлігінің жоғарғы қабатындағы жануарлар сүйегіменбірге тасталға-
ны өлген адамның осы ұршықты жасағаны дәлел бола ма деген ойдамыз.
Төртінші тұрмыстық зат ұсақ үй жануарының сирақ сүйегінен
(кәрі жілік) жасалған «Шүмек». Қуыс сүйек –
проксимальді жағында
антропогенді өңдеуден өткен. Ал ішкі жағы басынан бастап аяғына дей-
ін ұқыпты түрде тазаланған, оның ішіндегі қызыл сүйек кемігінен
арылып әбден тегістелген, аумағы 6,5 мм х 1,0 см., сопақща формалы.
Тесіктің төменгі жағы қиғаштанып егілген. Тесіктің қарама – қарсы
жағы мүжіліп сынған. Сондықтан да оның орны бүтін бе, жоқ па белгісіз.
Кәрі жіліктің дистальді бөлігі кесілген. Сүйек бетінде өсімдіктер тамы-
рының қалдырған
дақтары және жартылай жанған, қап – қара түсті ағаш
күлінің белгілері бар, бірақ та сүйектер күймеген. Соңғы айтылған дәлел-
дер жағылған оттың басқа бір мақсатта қолданылғанын айта кетуіміз
керек. Бұл жайында ағаш күлдері құрылыс мақсатында немесе басқа
мақсатта да пайдалануы мүмкін. Ал төртінші тұрмыстық зат ер баланың
бесікке бөлегендегі «шүмегі» ретінде пайдалануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: