Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж.
20
нәтижелерге қол жеткізу жолындағы әдістемелік тәсілдерді қамтиды. Оқыту мазмұнының күрделігі
аталмыш бөлімдерге белгілі көлемдегі уақытттың бөлінуі.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды мектепке дайындау барысында жүргізілетін сөйлеу тілін
дамыту бойынша жұмысты балалардың естіп қабылдауын дамыту бойынша жұмыстан ажыратып
қарастыру мүмкін емес.
Естіп қабылдауды қарқынды дамытудың заманауи жүйесі келесі алыптарға негізделеді:
- есту функциясының бұзылысы, кез келген функция сияқты белгілі жағдайларға тұрақты
мақсатқа бағытталған ықпал негізінде, есту қабілеті зақымдалған балалардыың жалпы даму заңды-
лықтары негізінде дамиды. Оқыту үрдсі барысында оның жүйке жүйесінің кемдлігін пайдалану
арнайы оқыту жағдайында есту функциясының бұзылысын дамытудың алғышарты болып келеді.
- сөйлеу тілін естіп қабылдауы есту қабілеті зақымдалған балаларда сөздік қорды, тілдің грамма-
тикалық құрылымын меңгерумен, ауызша сөйлеу тілінің дыбыстап айту жағын түзету
мен қалып-
тастыу, оның барлық танымдық әрекетін жетілдіру негізінде жүзеге асырылады.
- арнайы оқыту жағдайында туындаған естіп абылдау балалардың ауызша сөйлеу тілін қалып-
тастыру , дамыту мен түзету үшін полисенсорлы негізді құрайды.
Осы орайда мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалармен жүргізілетін естіп
қабылдауды дамытудың мәндеті:
- көріп қабылдауды алып тастағанда, тек есту арқылы сөйлеу тілдік материалды естіп
қабылдауын дамыту;
- ауызша сөйлеу тілін қабылдау үшін естіпкөріп қабылдау негіздерін туындату;
- белсенді сөйлеу тілдік іс-әрекетінің дағдыларын жетілдіру;
- музыканы қосып алғанда, қоршаған әлемнің тілдік емес дыбыстары туралы есту қабілеті
зақымдалған балалардың түсініктерін байыту.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамытуда дыбыстап
айтуға оқыту бағдар-
ламасы келесі бөлімдерден тұрады:
1.
Сөйлеу тілдік тыныс алу.
Жұмыстың мазмұны ол сөйлеу тілінде тыныс алуды дұрыс қолдану қабілетін қалыптастыру.
2.
Дауыс
Жұмыстың мазмұны қалыпты тембрден ауытқусыз дауыстың қалыпты жоғарлығы мен күшін
қолдану дағдысын қалыптастыру.
3.
Дыбыстар мен олардың үйлесімдігі
Жұмыстың мазұны ол қазақ тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айту, оларды сөзде фонмалардың
қысқартылған жүйесін қолдана отырып, оқытудың концентрлік әдісін жүзеге асыруда қолдану
қабілетін қалыптастыру.
4.
Сөзбен жұмыс
Сөздерді олардың дыбыстық құрамын сақтай отырып, оқыту кезеңіне сәйкес-нақты немесе
регламенттелген фонемаларды қолдана отырып,, екпін мен орфоэпиялық нормаларды қолдана
отырып, сөзді дұрыс айту қабілетін есту қабілеті зақымдалған балаларда қалыптастыру.
5. Фразамен жұмыс
Жұмыстың мазмұны
балаларда қалыпты темпте, дұрыс логикалық екпінмен фразаларды айту
қабіетін қалыптастыру.
Сурдопедагогикада есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамытуда дыбыстап
айтуын қалыптастыру жұмысы Ф.Ф. Рау мен Н.Ф. Слезинаның аналитикалық синтетикалық
концентрлік полисенсорлы әдісі негізінде жүзеге асырылады.
Осылайша, есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру, дамыту жұмысы
оның дыбыстап айту мен естіп қабылдауын дамыту бойынша жұмыстар негізінде жүргізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Аксенова Л.И. Социальная педагогика в специальном образовании: Учебное пособие
/ Л.И. Аксенова. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 192 с.
2. Активизация учебно-воспитательного процесса глухих и слабослышащих учащихся:
Межвузовский сборник научных трудов /Отв. ред. Е.Г. Речицкая. – М., 1997. – 356 с.
3. Воспитание учащихся с нарушением слуха в специальных (коррекционных) образовательных
учреждениях: Учебное пособие/ Т.Н. Пенин, З.А. Пономарева. – СПб.: КАРО, 2006. – 496 с.
4. Дидактические игры для дошкольников с нарушениями слуха: сборник игр для педагогов и
родителей / Л.А. Головчиц. – М.: ООО УМИЦ «ГРАФ ПРЕСС», 2003. – 160 с.