Абай қҰнанбайұлы (1845-1904) Абай Құнанбайұлы дүниеге келген: Семей облысындағы Шыңғыс таудың баурайында



бет4/19
Дата13.10.2022
өлшемі104,49 Kb.
#42751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ТАЛАП СҰЛТАНБЕКОВ
«Менің фантаст жазушы болуыма Абыралының тауы мен тасы себепкер болды. Тау биігі қиялымды шарықтатып, ұшар қанатымды қолдаған-ды» деген: Талап Сұлтанбеков.
«Тоғызқұмалақ ойыны да шахмат, дойбы ойындары сияқты тапқырлықты, мол фантазияны талап етеді. Алайда бұл ойынның есебі ерекше, өзіне ұқсас ойындарға қарағанда анағұрлым күрделірек. Оның басты себебі—тоғызқұмалақ ойынын немесе оның кейбір жеке позицияларын тақтаға қарамай, абстрактілі түрде ойлау аса қиын» деген: Талап Сұлтанбеков.
Талап Сұлтанбеков дүниеге келді: 1930 жылы 1 қыркүйекте, Алматы облысының Ақсу ауданында, мұғалімдер отбасында.
Ақын Ілияс Жансүгіровтің немере інісі: Талап Сұлтанбеков.
Талап Сұлтанбеков кімнің немересі: Ілиястың атасы Берсүгірдің екінші баласы—Сүлейменнің немересі.
Талап Сұлтанбектің анасы, қазақтың белгілі ақындарының бірі: Дәмеш Берсүгірова.
Талап Сұлтанбековтың нағашы атасы қандай адам болған: Батыр, болыс.
Талап Сұлтанбеков аяқтаған оқу орны: Қазақ мемлекеттік университеті.
Талап Сұлтанбеков алғаш қызметке орналасты: бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы Қайнар ауылындағы мектепке мұғалім.
Талап Сұлтанбеков 1955-1959 жж қызмет етті: Облыстық «Жетісу» газетінде.
Талап Сұлтанбеков 1962-1970 жж қызмет етті:«Білім және еңбек» журналында.
Талап Сұлтанбеков «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті: 1970-1985 жж.
Талап Сұлтанбеков қосалқы туындыгері болды: 500-ден астам көркем фильмнің.
Талап Сұлтанбеков 1985-1991 жж қызмет етті: Бүкілодақтық «Киноорталық» бірлестігінің қазақ бөлімінің директоры.
Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын насихаттаушы және республикалық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы: Талап Сұлтанбеков.
Журналист-жазушы, Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі: Талап Сұлтанбеков.
Талап Сұлтанбековтың алғашқы шығармалары арналды: Спорт тақырыбына.
Талап Сұлтанбековтың ойын түрлерін насихаттайтын кітаптары:«Дойбы деген не?»,«Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ».
Талап Сұлтанбековтың химияның ғажайып сырына үңілтетін кітабы:«Химия болашаққа шақырады».
Қазақ әдебиетінде фантастика жанрының негізін салушылардың бірі болды: Талап Сұлтанбеков.
Талап Сұлтанбековтың фантастика жанрындағы кітаптары:«Көшпелі алтын»,«Жүрек тулайды»,«Жұлдыз ат»,«Лұқпан Хакім»,«Тізгін»,«Темір еліне саяхат».
Көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т. б. өнер саласында қалыптасқан жанр: Ғылыми фантастика.
Ғылыми фантастика өнердегі дербес жанр ретінде қалыптасты: XX ғасырда.
Ғылыми фантастиканың қайнар бастаулары: Ежелгі әпсаналар, ауыз әдебиеті.
Әдебиетте ғылыми фантастика қалыптасты: Ғылыми поэзия, ғылыми проза болып.
Поэзиядағы ғылыми фантастика ерекшеленеді: Жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен.
Ғылыми фантастика қарқынды дамыды: Проза жанрында.
Қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны: Тоғызқұмалақ.
Қырғыз елінде олимпиада өтіп тұрады: Тогуз-коргоолдан.
Тоғызқұмалаққа қатысты еңбектер шығуда: Қытайда, Қарақалпақстанда.
Тоғызқұмалақтан үйірмелер ашылды: Алтайда Қарашай-Шеркеште, Сахада.
Тоғызқұмалаққа ұқсас мысырлық ойын: Калах.
Тоғызқұмалаққа ұқсас Моңғолиядағы ойын: Эсон коргоол.
Тоғызқұмалаққа ұқсас Шри-Ланкадағы ойын: Олинда калия.
Тоғызқұмалаққа ұқсас Африкадағы ойын: Мангала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ.
Тоғызқұмалаққа ұқсас америкалық ойын: Аджи-бото, варри роунд және роунд.
Тоғызқұмалаққа ұқсас азиялық ойын: Сунгка, паллангули, гонгкак.
Талап Сұлтанбеков «Білім және еңбек» журналындағы бас редактор қызметінен босайды: Әлімхан Ермековтың «Алашордашылар» мақаласын жариялағаны үшін.
«Шахмат ойнай білесің бе?» еңбегінің авторы: Талап Сұлтанбеков.
Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» шығармасы қандай жанрда жазылған: Ғылыми фантастика.
Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» шығармасы қанша бөлімнен тұрады: 3.«Таудағы от»,«Шайтантауға сапар»,«Үңгірдегі сыр».
Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» шығармасының негізгі кейіпкері: Қарапайым мектеп оқушысы—Сәмен.
«Көшпелі алтын» шығармасы неден басталады: Сәменнің тау бөктерінен «көшпелі алтынды» тауып алуымен.
«Көшпелі алтын» шығармасындағы Сәмен «көшпелі алтынды» тауып алды: Шайтантаудағы Шыңбұлақ сайынан.
Кедей жігіт үйіне кірген көшпелі алтынды қалай иеленді: Шынашағын тіліп, кетіп бара жатқан алтынға қан тамызады.
«Шайтантау қойнауы елсіз, күнсіз, иен шатқал. Етегі қып-қызыл қорым тас. Ал оның шырқау шыңына бұл уақытқа дейін тірі пенде аяқ басып көрмегенге ұқсайды...». Үзінді алынған шығарма:«Көшпелі алтын».
Сәмен «алтын сапарына» аттанды: Досы Қажытаймен бірге.
Шайтантаудың ғажабы: Мал қарап шыққан талай жылқышылар бұл таудың басынан, етегінен жарқылдаған оттар көрген, тау оншалықты биік болмаса да, бауырына бұлттар шөгіп жатады.
Сәмен мен Қажытай сұрақтарына ғылыми түрде нақты жауап алады:«Үңгірдегі сыр» бөлімінде.
«Көшпелі алтынның» сырын ашып берген: Сералы Әйтиев.
Балалардың «көшпелі алтын» деп ойлап жүргені не болды: Найзағайдың бір түрі (шаровая молния).
«Көшпелі алтын» әңгімесіндегі балалардың мәлімет алған саласы: Физика.
Шайтантаудың жақпар тастары неден тұрады: Темір рудалы кварциттен.
Ғалымдарға Шайтантаудың астындағы алтындарды нұсқаған: Найзағай.
«Көшпелі алтын» әңгімесінің түйіні бойынша, біздің ғылымға беретін пайдамыз: Адам еркінен тыс табиғатта болып жатқан орасан мол электр қуатын кәдеге жарату, найзағайлы бұлттарға құрық салып, оны адамның дегеніне жүргізу, көшпелі найзағайдың қуатын пайдалану.
Химиялық элемент болып келетін, асыл металдардың бірі: Алтын.
Табиғатта саф алтын түрінде кездеседі: Тау жыныстарында, теңіз, мұхит суында.
Ағзадағы иммундық процесті қалыпқа келтіретін металл: Алтын.
Алтынды ауызға салып тамақ ауруларын емдеген: Көне Грекия, Рим.
«Ақыл арымас,...». Мақалды жалғастыр: Алтын шірімес.
Әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсерілеп бейнелейтін жанр: Фантастика.
«Фантастика» сөзінің көне грек тілінен аударғанда беретін мағынасы: Көзге елестету өнері.
Ғылыми түсінік жоқ кезде орын алған фантастика мифологиялық, діни шығармалар: Гомер «Одиссея», Овидий «Метаморфоза», шығыс халықтарының «Мың бір түн» шығармасы.
Белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі: Пейзаж.
Әдеби шығармаларда жаратылыстың, табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі: Пейзаж.
Пейзажда аңғарылады: Автордың сезімі, көңіл күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы.
«Фабула» латын тілінен аударғанда беретін мағынасы: Аңыз, әңгіме, ертегі, мысал.
Көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу: Фабула.
Фабулада оқиға қалай беріледі: Авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы.
«Композиция» латын тілінен аударғанда беретін мағынасы: Құрастыру, шығарма.
Көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы: Композиция.
Құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым: Композиция.
Композиция неге сәйкес туындайды: Өнердің өзіндік ерекшелігіне, шығарманың идеясына, авторлық ой түйсігіне.
XIX ғасырда интернеттің пайда болатыны туралы жазған орыс жазушысы: Владимир Одоевский «4338 жыл» шығармасы (1837 ж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет