Абылай хан – тарихи тұлға, көшбасшы және саясаткер



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата04.05.2023
өлшемі354,79 Kb.
#89746
1   2
ӘБІЛМАНСҰРДЫҢ АБЫЛАЙ 
АТАНУЫ
1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып кіріп, ойран салды. Қалың ел «Ақтабан 
шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі жаста еді. Ол аш – 
жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты көзімен көрігені былай тұрсын, азап – бейнетін, кек пен ызасын, арман 
мен тілегін жамағатпен бірге арқалаған ұлдардың бірі болды. Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы 
арқылы хандық билікке қол жеткізуді көздеп, орыстармен байланысқа шыққан кезде, қазақ жасақтарының 
жауынгерлік қуатына үлкен нұсқан келеді. Ел ішінде үлкен алауыздық асқынады, берекесіздік етек алады. 
Бұны білген жоңғарлар қазақтарды келемеждеп, намысын таптап, жігерін құм қылу үшін дүбірлі жекпе – 
жектерге қазақ батырларын шақырады. Сондай жекпе – жектердің бірі де бірегейі 1731 жылы болады. Оған 
жауласқан екі жақтың хандары да қатысады. Осы жекпе – жекке жоңғарлар Қалден Серен ханының жақыны, 
атақты батыр Шарышты шығарады. Қазақ жасақтарынан оған қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламайды 
біраз тыныш тұрып қалса керек. Сонда Шарыш: «Ең мықты батырыңды шығар, болмаса туыңды жығып 
жеңілді де! – деп айбар шегеді. Осы кезде Сабалақ намысқа шыдамай, Әбілмәмбет ханнан сұранып сайысқа 
шығады.


АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА СІҢІРГЕН 
ЕҢБЕГІ



Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі 
кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің 
губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай 
білді.

Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін 
толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір 
жолына шолу жасап көрелік.

Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек 
бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, 
жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай 
емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол 
астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін 
оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай 
жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа 
сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.


ТАРИХИ ЖЫР
Абылай хан - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында 
тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр 
Абылайдың балалык шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу 
жолын көркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда 
сөз болатын оқиғалар мен адамдар нактылы өмірде болған. Жыр 
Шыңжаң тұрғыны Шернияздан Сұлтанбайұлынан жазып алынып, 
тұңғыш рет Қытайдын "Ұлттар" баспасынан жарық көрген 4 томында 
(1985), одан кейін "Абылай хан" атты кітапта (А., 1993), "Қазақ халық 
әдебиеті" көптомдығының 1- ші томында (1995) жарияланды.


КЕЙБІР ДЕРЕКТЕР
❖«Шоқан Уәлихановтың жазба деректерінде Абылайдың 12 әйелі, 30 ұлы, 40 
қызы болғандығы айтылады. Үлкен ұлы Уәли 1782 жылы патшаның арнайы 
грамотасымен Орта жүз қазақтарының ханы болып тағайындалады. Уәлидің 
ұлы Шыңғыс Орта жүздің аға сұлтаны, әскери шені – полковник болған. 
Шыңғыстың ұлы Шоқан–Абылай ұрпақтарының ішіндегі ең танымал, даңқты 
ұлдарының бірі. Абылайдан тараған ендігі бір бұтақ – Қасым төреден туған 
ұлдар. Абылайдың ісін жалғастырушы ержүрек ұлдар Саржан, Есенкелді, 
Кенесары хан, Наурызбай батыр, Сыздық сұлтандар тарихи тұлғалар. 
Абылайдың үш атасы: Жәңгір, Уәли бақы, қанішер Абылай және әкесі Көркем 
Уәли хан майданда қаза тапқан


ҚОРЫТЫНДЫ
❖Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, 
ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана 
тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса 
бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел 
өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. 
ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма 
жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен 
жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» 
деуі осының дәлелі.

Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет