Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Мембраналы органеллалар дегеніміз – жалғыз немесе бір-бірімен байланысқан цитоплазма бөлшектері. Олар өздерін қоршаған гиалоплазмадан мембрана арқылы шектелген



бет50/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Мембраналы органеллалар дегеніміз – жалғыз немесе бір-бірімен байланысқан цитоплазма бөлшектері. Олар өздерін қоршаған гиалоплазмадан мембрана арқылы шектелген.
Эндоплазмалық тор
Эндоплазмалық тор ядроны қоршай орналасқан түтікшелер мен ірі қуыстар жүйесі. Ол көмірсудың, липидтердің және белоктардың синтезін қамтамасыз етеді. Олар цитоплазма ішінде мембраналы тор түзеді. Эндоплазмалық тордың екі түрін ажыратады: гранулды ЭПТ (гр.ЭПТ) және тегіс немесе агранулды ЭПТ (аЭПТ).
Агранулды ЭПТ барлық мембраналы белоктар мен белоктардың биосинтезін және белокты молекулалардың посттрансляциялық өзгеруін қамтамасыз етеді
Гранулдыы (түйіршікті) эндоплазмалық тор жалпақ мембраналы цистерналар мен түтіктерден түзілген. Оның сыртқы бетінде рибосомалар мен полисомалар жабысып, оған өзінің атында бейнеленгедей түйіршіктелген кескін береді. Олар белок синтезіне қатысады. Сондай - ақ түйіршікті эндоплазмалық тор жасуша ішіндегі ас қорыту процессіне және метаболизм жүруіне қажетті белоктар - ферменттерді синтездейді.
Түйіршіксіз эндоплазмалық тор ұсақ вакуольдер, түтіктер, өзектер түзетін мембранадан тұрады. Түйіршікті эндоплазмалық тордан айырмашылығы түйіршіксіз эндоплазмалық тордың мембраналарының бетінде рибосомалар болмайды.
Агранулды эндоплазмалық тор түйіршікті эндоплазмалық тордың арқасында пайда болады және дамиды.
Тегіс эндоплазмалық тордың қызметі липидтер метоболизмі мен кейбір жасуша ішіндегі полисахаридтерге байланысты. Ол липидтер синтезіне және гликогенді ыдыратуға қатысады.
Гольджи аппараты
Бұл оргоноидты 1898 жылы италиялық ғалым К. Гольджи нерв жасушасынан тапқан. Ол негізгі үш элементтерден түзілген: 1) бірінің үстінде бірі орналасқан жалпақ мембраналы қапшалар - цистерналар жинағы; 2) көпіршіктер және 3) вакуольдер. Бұл элементтердің жиынтығын диктиосома (грек. diktyon - тор) деп атайды. Кейбір жасушаларда көптеген диктиосомалар болады (бірнеше жүздікке дейін).
1. Цистерналардың кескіні иілген диск (”табақша”) тәрізді және ол 3 – 30 элементтерден қаттама (стопка) түзеді. Цистерналардың дөңестік жағы әдетте ядроға, ал ойыс жағы плазмолеммаға қарап тұрады.
2. Көпіршіктер – мембранамен қоршалған сфералық элемент. Оның диаметрі 40-80 нм. Көпіршіктер цистерналардан үзіп алу арқылы түзіледі.
3. Вакуольдер мембранамен қоршалған ірі сфералық (диаметрі 0,1-1,0 мкм) түзінді. Олардың құрамында конденсация процесінде болатын секреторлық өнімдер болады.
Гольджи аппаратының цистерналарында полисахаридтер синтезделеді. Оның элементтерінің көмегімен жасушадан дайын секреттерді шығару процесі жүреді. Сонымен қоса, Гольджи аппараты жасушалық лизосомаларының құрылуын қамтамасыз етеді.
Гольджи аппаратының секреторлық функциясы кезінде рибосомалардағы синтезделген белок бөлініп, эндоплазмалық тордың цистернасы ішіне жиналады. Кейіннен жиналған белоктар белокты түйіршіктер түзуі немесе еріген күйінде қала беруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет