Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет49/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
Тегіс салалы бұлшық ет: Шығу тегі бойынша тегіс салалы бұлшық еттің үш тобын ажыратады: мезенхимді, эпидермальді және нейральді. Шығу тегi мезенхимдi еттi тiн. Оның структуралық өлшем бiрлiгi - тегіс салалы бұлшық ет жасушасы – миоцит. Оның ядролары таяқша тәрзді, жиырылғанда ядросы иiледi, тiптi шумақталады. Миоциттің Гольджи аппараты және эндоплазмалық торы нашар дамыған. Рибосомалары көп жағдайда бос орналасады. Актиндi миофиломенттерi цитоплазмада үш өлшемдi тор түзсе, ал миозиндi миофиломенттер ұзына бойы орналасқан. Әрбiр миоцит базальді мембранамен қоршалған. Онда көптеген ретикулярлы миобифриллдердi кездестiруге болады. Тегіс салалы бұлшық ет тiнi iшкi мүшелердiң қабырғалары мен қан және лимфа тамырларының қабырғаларында кездеседi.
Тегіс салалы бұлшық ет тiнiнiң физиологиялық регенерациясы жоғарғы функциялық жүктеме кезінде жақсы байқалады. Мұндай регенерация тiндiк деңгейден гөрi жасушалық деңгейде орындалады: миоциттер өседi, миофиламенттер саны өседі.
Шығу тегi эпидермальді еттi тiн. Оның негiзгi элементi терi эктодермасынан туындайтын миоэпителиалды жасушалар. Олар тер, сүт, жас және сiлекей бездерiнде орналасқан. Эпителидегi миоэпителиалды жасушаларды дәнекер тiнiнен базальді мембраналар бөлiп жатады. Миоэпителиалды жасушалардың көбі жұлдызша тәрiздi. Жасушалардың денесінде ядро және органеллалар, ал тармақтарында жиырылғыш аппарат орналасқан. Тармақтар жиырылып, бездердiң секреттер бөлуiне ықпал етедi.
Шығу тегі нейральді ет тiнi. Бұл тiннiң миоциттерi көз алмасының құрамындағы нейральді жасушалардан дамыған. Құрылысы бойынша ол жолақтанбаған миоциттер. Олардың тармақтарында жиырылғыш аппарат орналасақан. Миоциттер екі бұлшық етті түзеді - көз қарашығын ұлғайтатын және кiшiрейтетiн.
6.Мембраналы органеллалардың құрылымдық- қызметтік сипаттамасы: эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, митохондрия, лизосома, пероксисома
Органеллалар барлық жасушаларда болатын тұрақты және олардың тіршілігінде маңызды қызмет атқаратын микроқұрылым.
Органеллалар классификациясы. Мембраналы органеллалар: эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі, митохондрия, лизосомалар, периоксисомалар. Мембранасыз органеллалар: рибосомалар, бос рибосомалар, полирибосомалар, микротүтікшелер, жасуша орталығы, микрофиламенттер мен аралық филаменттер. Арнайы органеллалар: микробүрлер, базальді денешіктер, кірпікшелер, миофибриллдер, нейрофибриллдер, ширақшалар, тонофибриллдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет