Парабиоз
Жүйкеге үзақ уақыт күшті химиялық тітіркендіргіштер эсер етсе, оның
қозғыштык касиеті, лабилдігі төмендейді. Оны парабиоз деп атайды.
Парабиоз грек сөзі (para - жуык, жакын bios - өмір, тіршілік) тіріге жуық хал
немесе өмір мен өлш арасындагы жағдай деген мағынада. Н.Е.Введенский ет-
жүйке препаратын алып, оның жүйкесінің етке жакын жерін 2% кокаин
ерітіндіс.іне малынған мактамен орайды, біраздан соң жүнкеш еттен алысырак
жерінен токтың жиілігін не күшін біртіндеп жоғарылата тітіркендіріп,
бүлшықеттің сіреспе жиырылу сызыгын жазады. Бүлшықеттің жиырылу
жауабы кокаин тиген жердегі қүбылыска байланысты өзгеретінін байқайды
жэне иарабиоэздың дамуы мезгілінде үш сагылы өзгерістерді анықтады:
теңестіру, парадоксальдық, тежелу (12-сурет).
Бірінші - теңестіру кезеңінде тітіркендіргішгің біртіндеп жиілігін не
күшін жогарылатса бэріне беретін жауабы бірдей болады. Екінші -
парадоксалды кезеңде әлсіз (сирек) тітіркендіргіштерге беретін бүлшықеттің
жауабы күшті (жиі) тітіркендіргіштерге беретін жауабынан жоғары болады.
Қалыпты жағдайда бұлшыкеттің жауабы тітіркендіргіштің эсеріне тікелей
байланысты жоғарылайды. Парабиоз терендеген сайын бірінші кезең
екіншісіне, ал екінші кезең үшінші кезеңге айналады. Үшінші - тежелу
кезеңінде ет тітіркендіргіштерге жауан қайтармайды. Егер
парабиоздық
әсерді уакытында алып тастап физиологиялык ерітіңдеп жүйкені жуса, пара
биоз, кезеңдері бірін-бірі кері қарай алмастырып жүйке эдеттегі жагдайта
келеді.
Парабиоз кезеңдері альтерация (закымдалыс) жасайтын эсерлерге
жүйкенің лабилділігінің төмендеуімен түсіндіріледі. Лабилдік төмендеген
сайын ол жердеде жүйкенің абсолюттік рефрактерлік кезеңі үзара түседі, қозу
үрдісі күшейеді. Қозу өзінің жайылу касиетінен айырылып белгілі бір жерже
тұракталады. Бүл кезде жүйке тітіркендіргіштерге жауап бермейді.
Корыта келгенде, Н.Е. Введенский жүйке парабиозы тәжірибесінде козу
мен тежелу үрдісінің бірлігін, тежелу күншті жэне түрақты қозу екенін, қозу
тежелуге немесе керісінше тежелу қозуға алмасқанда нарабиоздың үш
кезеңінің байқалатынын дәлелдеді. И. П. Павлов кейін бұл мәліметтерді ми
кыртысында туатын козу мен тежелу үрдістерін жоне фазалық жагдайларды
түсіндіруге колданды.
Қазақстанның белгілі ғалымы Б.А. Атчабаровтың зерттеулеріне дейін,
көп жылдар бойы, парабиоз үрдістерінің физиологиялық-биохимиялық
табигаты толық анықталмаған болатын. Ол парабиоздың пайда болуының
тікелей себебі жүйке талшыктарында АҮФ-тың жеткіліксіздігі екендігін
аныктады. Ал, АҮФ Кребс циклына сәйкес митохондрийдің жабық жүйесінде
жүйке талшыктарын фосфорлаидыру нэтижесі екендігі копке белгілі.
і:
UL
т
тшл.
Достарыңызбен бөлісу: |