Адам және экология Биология пәнінен 10-11 сыныптарға арналған Қолданбалы курс түсінік хат



бет2/5
Дата14.09.2023
өлшемі32,9 Kb.
#107455
1   2   3   4   5
«Адам және экология» курс бағдарламасы 34 сағат құрайды, аптасына 1 сағаттан қарастырылған. Бұл курста биология пән бойынша оқушылардың білім сапасын, экологиялық ойлауын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіріп, теориялық ұғымдарды практикалық тұрғыда жүйелі ұштастыруға бағыттау.
Өзектілігі: Экологиялық мәселе қазіргі кезде - бүкіл әлемдік проблема. Экологияға қатысты өзекті мәселелерді зерттеу, оқушылардың практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастырып, дамыту негізгі орынды алатын мәселе, себебі қазіргі экологиялық жағдай қауіпті құбылысқа айналып келеді.
Ерекшелігі: Адамзат пен табиғи ортаның өзара тығыз байланысы туралы оқушылардың білімдерін кеңейтуге негізделген бұл бағдарлама, экологиялық мәселені шешудің негізі табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді түрде жүргізуде екендігін ұғынұға үлкен рөл атқарады. Қоршаған ортаны қорғауда өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуге тәрбиелейді.
Курстың мақсаты: Оқушыларға тіршілікте ең жоғары құндылық экологиялық деп түсінетін білім мен тәрбие беру, шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып еліміздің экологиялық жағдайлардың жалпы қоршаған ортаға әсері туралы оқушыларды түсініктерін тереңдету.
Курстың міндеттері:

  • Оқушыларды еліміздің табиғи жағдайлары мен табиғи ресурстарына экологиялық тұрғыдан баға бере білуге жетелеу;

  • Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру.

  • Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдаландыру жолдарын қарастыру.

  • Алған теориялық білімдерін практикалық түрде дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  • Болашақ мамандық таңдауға ықпал ету.

Пәнаралық байланыс: химия, математика, география, экономика.
Кәсіпке бағдарлау: биология, медицина, ауыл шаруашылығы, химия, биотехнология, экология бағытында даярлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет