«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері



бет35/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. 1991 жылы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау стратегиясы қабылданды. Бұл құжат « Жерді аялау - тұрақты өмір сүрудің стратегиясы» деген атаққа ие.
Құжат төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде тұрақты дамудың ұстанымдары айтылған:
- Жерде өмір сүріп жатырған барлық халыққа құрметпен қарау және қамқорлыққа алу;
- Өмір сүру сапасын жақсарту;
- Экожүйенің алуантүрлілігін және өміршеңдігін сақтау;
- қалпына келмейтін ресурстардың жоғаоуына болғызбау;
- Экожүйенің потенциалды сиымдылығы аясында даму;
- Адамның оайлау жүйесін өзгерту;
-Қоғамның өмір сүру ортасын сақтаудағы социалды қызығушылықтарына қолдау көрсету;
- Қоршаған ортаны қорғау және социалды-экономикалық дамудың ұлттық концепциясына көмектесу;
Әлемдік деңгейде бірлікті сақтауға жету.
Құжаттың екінші және үшінші бөлімдерінде өмірде осы ұстанымдарды іске асыру жолдары көрсетілген.
Стратегия мақсаты: қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық бағдарламасын өзгертей-ақ оған бейімдеп жасау. Стратегия негізгі екі міндет қояды: адамзаттың өмір сүруі және адамның өмір сүру мағанасына философиялық анықтама беру. Адамды түр ретінде сақтауп қалу қазіргі кезде проблемалы. Қазір адам өзінің айрықша қауіпті даму сатысында тұр; ол не биосфераның бір бөлшегі ретінде мойындап, соған бейімделеді, не олда басқа өліп қалған түрлер қатарына қосылады. Бұл жағдайда адамның басқа тірі мақылықтардан айырмашылығы шамалы болады.
Тұрақты даму деңгейлері–жергілікті, аймақтық ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлері. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.
Қоршаған ортаны қорғау объектілері ұлттық және халықаралық болып бөлінеді.
Табиғи ортаның ұлттық (мемлекет ішілік) объектілерін қорғау дегеніміз –жер, су, жер қойнауын, биотаны және басқа да мемлекет ішіндегі аймақтың табиғи ортасының басқа да элементтерін қорғау деген сөз. Олар мемлекеттің құзырында болғандықтан мемлекет өзі шешім қабылдайды. Мемлекет оларды қорғайды, пайдаланады және өз халқы мүддесін қорғайтын заңдары негізінде оларды басқарады.
Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық (бүкілдүниежүзілік) объектілерін қорғау, яғни жеке ұлттық мемлекеттерге жатпайтын табиғи объектілерді қорғау. Оларды бірнеше топқа бөледі:
барлық мемлекеттер пайдаланатын объектілер (атмосфералық ауа, Дүниежүзілік мұхит, Антарктида, Космос);
екі немесе бірнеше мемлекеттер пайдаланатын объектілер (мысалы, шекаралық сулар, Балтикалық немесе Қара теңіз, Дунай өзені, Каспий теңізі);
әртүрлі елдер аймақтары бойынша ауысатын объектілер (қоныс аударып отыратын жануарлар).
Қоршаған ортаны қорғау облысы бойынша халықаралық қауымдастықтар түрлері әртүрлі келеді. Яғни:
табиғи ортаны қорғау бойынша халықаралық ұйымдар;
халықаралық (екі жақты немесе көп жақты) келісімдер, конвенциялар;
халықаралық келісімдердер бойынша мемлекеттердің ұсыныстары.
Қазіргі кезде экология мәселесімен айналысатын әлемде 100 аса әртүрлі халықаралық ұйымдар жұмыс жасап келеді. Олардың ішінде ең беделдісі – Біріккен Ұлттар Ұйымы. Оның негізгі бағыттарының бірі- табиғатты қорғау облысында келісіммен жұмыс істеу. Генералдық Ассамблеяда маңызды сұрақтарды қарастырады, резолюциялар мен декларациялар қабылдайды, халықаралық совещениялар мен конференциялар өткізеді. БҰҰ адамды қоршаған ортаны қорғаудың арнайы принциптерін тауып, бұл Скокгольмский конференциясындағы Декларациясы (1972 ж) және табиғаттың Дүниежүзілік Хартиясында (1982 ж) қабылдады.
Қоршаған ортаны қорғаудың арнайы халықаралық ұйымы БҰҰ-нда жұмыс істейді.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ-ның арнайы органы қоршаған ортаны қорғау бойынша ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыруда, ол үшін БҰҰ Генералды Ассамблеясы Қоршаған орта қорын құрды.
Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) «Ядролық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын жүзеге асыруда.
Білім бері, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЭСКО) қоршаған ортаны және оның ресурстарын зерттеуді ұйымдастырады, онда «Адам және биосфера», «Адам және оны қоршаған орта» бағдарламалары бекітілген.
Денсаулықты сақтаудың дүниежүзілік ұйымы қоршаған ортаның гигиенасы, атмосфералық ауаны қорғау проблемаларымен айналысады.
Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралықодағы (МСОП) әкімшіліктік, ұлттық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ жеке адамдар арасындағы қоршаған ортаны және табиғатты қорғау туралы сұрақтар бойынша бітімдер жасаумен айналысады. МСОП халықаралық Қызыл кітапты (10 том) ұсынды.
Халықаралық келісімдер, бітімдер, конвенциялар бірігудің маңызды құралы болып табылады. Келісімдердің жалпы, арнайы, көп жақты және екі жақты, ауқымды және аймақтық түрлері бар. Олар жеке елдер немесе халықаралық ұйымдар ұсынысы бойынша дайындалады және қарастырылады.
Жалпы халықаралық-құқықтық келісімдер қоршаған табиғи орта бойынша сұрақтарды да қозғауы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік шекаралар режимі туралы келісімдерде шекаралық су қоймалары режимі, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау статьялары міндетті түрде қарастырылады.
Арнайы халықаралық табиғатты қорғау келісімдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы статьялар ғана қарастырылады.
Ауқымды келісімдерге соғыс немесе басқа да лаңкестік пайдаланулар кезінде қоршаған табиғи ортаға әсер етуіне тиым салу Конвенциясы (1977 ж) жатады, ауаның ластануының шекарадан тыс алысқа таралуы Конвенциясы (1979 ж), жабайы аңдардың көшіп жүретін түрлерін қорғау Конвенциясы (1979 ж) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет