АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер


Су қоймаларының микроклиматқа әсерi



бет64/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Су қоймаларының микроклиматқа әсерi. Су қоймаларының, көлшiктердiң, көлдердiң микроклиматқа әсерi тек сол су қоймаларының, көлдердiң жағасында байқалады. Олардың әсерi көлден құрғақ жер бетiне қарай бiрнеше км. жердi, температура  0,50С өзгередi, бiрақ аязсыз мезгiл 2-3 аптаға көбейедi. Су қоймалары, көлдер негiзiнде желдiң (бризы) пайда болуына себебiн тигiзедi. Желдiң жылдамдығы 3-4 м/сек жетедi.

Орман жолақтарының микроклиматқа әсерi. Орман-далалық және далалық аймақтарда микроклиматтық жағдайларды жақсарту үшiн орман жолақтарын отырғызады. Орман жолақтарының жақсы әсерi құрғақшылық және аңызақ жылдары байқалады. Орман жолақтары жел бағытын өзгертiп, жылдамдығын төмендетедi, соның арқасында топырақ эрозиясы азаяды және танаптарда қар жамылғысы бiрқалыпты бөлiнедi. Топырақтың температуралық, ылғалдылық режимдерi жақсарады.
Орман жолақтарының қар тоқтатуға, топырақ ылғалдылығын көбейтуге, булану мен транспирация мөлшерiн азайтуға тигiзетiн әсерiн зерттеу үшiн Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтында көп жұмыстар жүргiзiлдi. Сол институттың директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Мұқанов Б.М. зерттеу арқылы алған мәлiметтерiне қарағанда ашық танаптарда 35,8-45,6% қарды жел ұшырып әкетедi екен, ал орман жолақтары отырғызылған танаптарда ол шығын 21,5-23,6% төмендейдi. Қорғаныштық орман жолақтарының кешендi ықпал әсерi ауылшаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгiн арттыратын ұзақ мерзiмдi және көп қайталанған тәжiрибелер мен зерттеулер арқылы дәлелденедi.


Фитоклимат – өсiмдiктердiң жапырақтары, сабақтары әсерiнен, солардың ортасында болатын микроклиматтың бiр түрi.
Фитоклимат сол жердiң микроклиматының ерекшелiктерiне, өсiмдiктердiң түрiне, бойына, қалыңдығына байланысты болады. Әр түрлi өсiмдiк жамылғысында жарық түсу мөлшерi өзгередi, соған байланысты ол ортаның температурасы, ауа және топырақ ылғалдылығы, желдiң жылдамдығы әртүрлi болады. Бiр дақыл әртүрлi себу мөлшерiмен себiлсе, сол танаптарда фитоклиматта бөлек болады.
Жоғары бойлы өсетiн (жүгерi, күнбағыс) дақылдарда олардың жоғары өсу беттерiне қарағанда топырақ бетiне түсетiн жарық 5-10 есе төмен, осыған байланысты температура, ылғалдылық өзгерiп фитоклиматтың өзгеруiне әкеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет