Топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясы. Топырақ ерiтiндiсiндегi тұздардың концентрациясы жауын-шашынның аз немесе шамадан жоғары болуына байланысты жиi-жиi өзгерiп тұрады. Мүмкiн осыған байланысты топырақты мекендейтiн насекомдар басқа ортада тiршiлiк ететiн насекомдарға қарағанда орта жағдайларына бейiмделгiш келедi де, топырақ ерiтiндiсi концентрациясының әдеттегiдей құбылмалығына онша сезiмталды емес. Әуелi минералды тыңайтқыштармен көп мөлшерде өңдеген жағдайдың өзiнде де олардың улы әсерi насекомдарға айтарлықтай әсер етпейдi. Бiрақ сортаң топырақта тек соған бейiмделген аздаған түрлер ғана тiршiлiк ете алады.
Органикалық заттардың топырақтағы мөлшерi. Өсiмдiк қалдықтарына бай топырақта әрқашанда организмдер өте көп кездеседi. Себебi органикалық заттардың өздерi сапрофагтар үшiн, яғни насекомдар мен кенелердiң және нематодтардың көпшiлiк түрлерi үшiн, қорек көзi болып есептеледi. Топырақта органикалық заттардың мөлшерi өте көп болса, онда фитофагтардың зиянкестiк әрекетiнiң дәрежесi төменiрек болады. Себебi ол заттардың жарым-жартысын фитофагтар қорек ретiнде пайдаланады. Мысалы, М.С.Гиляровтың жасаған тәжiрибесi бойынша зауза қоңызының зақымдауынан құм салған ыдыстағы өсiмдiктердiң өлуi гумустың 9%-тiк мөлшерi бар топырақ салынған ыдыстағыға қарағанда 1,5-2 есе жоғары болған.
Бақылау сұрақтары 1 Климаттың қалыптасуына қандай факторлар әсер етедi
2 Климат, микроклимат дегендерiмiз ненi бiлдiредi
3 Микроклиматқа қандай бақылаулар жүргiзедi
4 Климатты ауылшаруашылық тұрғыдан бағалау
5 Агроклиматтық аудандастыру, оның маңызы
6 Фитоклимат жөнiнде түсiнiк
7 Климатқа, микроклиматқа орман жолақтарының әсерi
Әдебиеттер
Негізгі: 1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша: 1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.