АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер


Топырақ, немесе эдафикалық факторлар



бет69/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Топырақ, немесе эдафикалық факторлар. Насекомдардың, кенелердiң, нематодтардың және басқа организмдердiң көптеген түрлерi өмiр бойы топырақты мекендеп, сонда қоректенiп өсiп-өнедi. Кейбiр түрлi топырақпен уақытша (мысалы, қуыршақтану, жұмыртқалану кездерiнде) байланысты болады. Ал топырақ тiршiлiк орталарының iшiнде су мен ауа (атмосфера) арасынан орын алады және оның тек өзiне ғана тән ерекшелiктерi болады. Сондықтан топырақ факторлары да организмдердiң сан мөлшерiнiң динамикасында маңызды роль атқарады.
Топырақ фаунасының маңызы өте зор. Онда кездесетiн омыртқасыз жануарлар органикалық заттарды минералдау процесiне қатысады. Топырақта ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң зиянкестерiмен қоректенетiн жыртқыш және паразиттi тiршiлiк ететiн организмдерде көп кездеседi. Сондықтан бiздiң елде топырақ фаунасының пайдалы әрекеттерiн күшейту жолдары жеке зерттелуде (мысалы, топырақтың құнарлылығын арттыру үшiн және омыртқасыздардың кейбiр түрлерiн топырақ диагностикасы үшiн пайдалану). Сонымен қатар топырақта ауылшаруашылық дақылдарына едәуiр зиян келтiретiн шыртылдақ қоңыздар мен заузалардың личинкалары, қызылша және картоп нематодалары сияқты зиянкестер де тiршiлiк етедi. Осыған байланысты зиянды организмдермен күресудiң тиiмдiлiгiн көтеру үшiн олардың өсiп-өнуiне топырақ факторларының қандай әсерi бар екенiн бiлудiң маңызы өте зор.
Топырақ фаунасының сан мөлшерiнiң динамикасына өте күштi әсер ететiн факторларға жататындар: топырақтың механикалық құрамы, оның температурасы мен ылғалдылығы, ауа өткiзгiштiгi (аэрация), рН мөлшерi мен топырақ ерiтiндiсiндегi тұздардың концентрациясы және топырақтағы органикалық заттардың мөлшерi.

Топырақтың құрамы мен құрылымы. Топырақтың негiзгi физикалық қасиеттерi – температурасы, ылғалдылығы, ауа өткiзгiштiгi оның механикалық құрамы мен құрылымына және тығыздығына байланысты болады. Сонымен қатар топырақтың құрамы жануарлардың жекелеген түрлерiнiң талғау қабiлеттiлiгiне тiкелей әсер етуi мүмкiн. Мысалы, зауза қоңыздарының (мәрмәрлi зауза, және тағы басқалар) личинкалары жеңiл және құмдақ топырақта өте қатты зиян келтiредi, ал жүзiм филлоксерасы ондай топырақта тiршiлiк ете алмайды. Кравчик, июнь заузасы, марокка шегiрткесi тығыздалған тың және тыңайған жердi мекендеудi көбiрек ұнатады. Ал барлық қоңыздардың тiршiлiгi үшiн ең қолайлысы жыртылған бос топырақты учаске.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет