Септеуліктердеп объекті мен объектінің не преди- к,аттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп түратын көмекші сөздерді айтамыз. Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантив- тенген өзге де атаушы сездерге себептік, бағыттык, мак- саттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, үк- сату сиякты әр қилы грамматикалық мағыналарды жа- магі тыңғылықтандырып отырады. Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазьіп жүрген кім? (Ә. Әбішев); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Б. Майлин) деген сөйлемдердегі дейін, қарайсептеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлем- дердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді. Өйткені ал- ғашкы сөйлемде шахтаның жайын жергілікті аудандық, қалалық, облыстық т. б. мекемелердің бәріне жазып, сонан соң Алматыға жазғаны байқалса, дейін септеулі- гін түсіріп айтқанда, шахтаньщ жайын тікелей Алматыға ғана жазғаны аңғарылар еді. Сол сияқты, үйіне ңа- рай дегенде Шұғаның тек үй жаққа бет алғанын аңға- ратын болсақ, қарай септеулігін түсіріп, үйіне кетті де- генде, Шұға ешқандай бұрылмай тура үйіне кетті деген мағына түсінілер еді.