Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 46. ЕСІМДЕРДЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҰРНАҚТАР



бет64/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   179
§ 46. ЕСІМДЕРДЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҰРНАҚТАР

  1. -ШЫ, ШІ.

Аса өнімді -шы (-ші) жүрнағы аркылы жасалатын туынды зат есімдердің мағыналары мынадай:

  1. Қәсіп иелерінің я мамандықтардың атауларын, белгілі бір кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді. Мысалы: қойшы, тілші, әдебиетші, тарихшы, егінші, са- уыншы, малшы, сақіиы, тыңшы т. б.

  2. Адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіреді. Мысалы: аңдушы, бастауіиы, барлауіиы, тергеуші, жәрдемиіі, кө- мекші, өтірікіиі, өсекіиі, нұсқауіиы, угітиіі т. б.

  3. Қоғамдық ағымды я көзқарасты (идеяны) жақ- таушының және белгілі бір қоғамдық үйымға қатысу- шының атын білдіреді. Мысалы: мичуриніиі, берсиевші, жақаевіиы, спортіиы т. б. .——

  1. -шылық (-шілік) жұрнағы кейбір сөздерде кұра- мындағы компоненттері (-шы-лық,-ші-лік) же-ке-жеке бө- ліне алатын дара(жалаң)" жұрнақтар есебінде жұмсал- ‘ са, кейбір сөздерде бөліне алмайтын бір күрделі жүрнақ ретінде қолданылады. Мысалы, егіншілік, малшылық, оқушылық, зарығушылық дегей сияқтылардық -шылық (-шілік) формасын іштей жрке-жеке бөлуге болады; ал адаміиылық, кемиіілік, тіршілік, баріиылық, кәріпшілік, айиіылық дегендердегі -шылық формасын бөлуге бол- майды.

-шылық жұрнағы арқылы туған атаулар мынадай:

адамиіылық, журтиіылық, басіиылық, кедейіиілік, се- нушілік, жүдеушілік, тарығушылық, қиыншылық, тар- іиылық, артықиіыльщ, тіріиілік, кеңіиілік, құрғақіиылық т. б.

  1. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жүрнағы арқылы жасалатын сөздерді төэдендегіше^ бірнеше^жікке- бөліп, топтауға болады.

  1. Нақтылы лексикалык. мағыналы есімдерден аб- стракт үғымды атау сөздер туады. Мысалы: кісілік, дос- тЩқ, туысқандық, қурбылық, қателік, қорльщ, жаңаліЩ биіктік, жақсылық, батылдық, сезімдік, өткірлік, жыл-

150

дамдық, іиапшаңдық, тездік, көптік, аздық, жоқгық, мүмкіндік т. б.

  1. Нақтылы (конкретті) заттардың да аттары туады: түндік, орындық, қазандық, кездік, тұздық, төстік, қы- мыздық, инелік, өсімдік т. б.

  2. Әр алуан мекендік, мезгілдік мағыналарды білді- ретін есімдер жасалады: айлық, жылдың, шабындық,

вгіндік, аптсілық, түстік т. б.

  1. Есептік сан есімдерден қатысты заттық үғым атаулары туады: бірлік, екілік, үштік, ондық, жүздік,

мыңдық
т. б.

  1. -ыл, -іл, -л. Есімдер мен етістіктерге ортақ, омон- имдес бүл өнімді жүрнақтар мағыналары басқа-басқа алуан түрлі жаңа сөздер жасайды. Мысалы, шикіл, қатал сын есімге тән формалар болса, тсірыл, тіріл деҒендер сын есімдерден жасалған туынды етістіктер. Сол сияқты, етістікке тән -ыл, -іл, -л формаларының өзіде іштей бір- дей емес. Мысалы: жөтел, оңал, жоғал, суал деген туын- ды етістіктер мен тартыл, сарқыл, аіиыл, бүгіл сияқты ырықсыз етіс формаларын зат есім, сын есімдермен жар- ңыл, жатыл; батыл, қатал деген сөзедермен салысты- рып карасақ, -ыл (-іл, -л) нсүрнағы белгілі бір сөз табы- на ғана емес, бірнеше грамматикалық категорияға ор- так, омоним форма екендігі айқын керінеді. Ал, -ыл (-іл, -л) жұрнағы еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сездерге қосылғанда туынды зат есім жасайды. Мысалы, ңаңқыл, сыңқыл, суыл, мыңқыл, сақыл, тарсыл, дүріл, гүріл, ла~ пыл, қалшыл, діріл т. б.

Сөйтіп, бүл топтыи ішінен -шы (-ші); -лық (-лік -дік -тық -тік); -ыл (-іл, -л) жүрнактары әрі жалаң, әрі омо- нимдес косымшалар болады; -шылық (-шілік) және -гер- шілік жүрнақтары қүранды (күрделі) косымшалар; ал, -шылық қосымшасы мен -шы (-ші) формасы кейбір жағ- дайда өзара сннонимдес болып келеді.

  1. -кер (-гер) жүрнағы арқылы туған сөздер іс-әрекет несінің атауы ретінде, адамзат есімдері есебінде қызмет атқарады. Мысалы: айлакер, ңызметкер, дәрігер, іскер, жумыскер, қаламгер, саудагер, суреткер, сайыскер т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет