Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 44. ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ҚҮРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ



бет62/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   179
§ 44. ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ҚҮРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ

Қүрылымы жағынан зат есім жалан да, күрделі де болады.

Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі — түбір зат есімдер, екіншісі — туынды зат есімдер.

Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфема- ; ларға (түбірге және жұрнакқа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфема- ға және қосымша (жүрнақ)" морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жүрнақ аркылы жасалған заттық атауларды айтамыз.

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я оиан да астам түбір морфемадан қүралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазак тілінде төрт түрлі:

  1. Біріккен зат есімдер,

  2. Қосарланған зат есімдер,

  3. Құрама зат есімдер,

  4. Қысқарған зат есімдер.

  1. Біріккен зат есімдерге кемінде екі х^бір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жата- ды. Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қай- наға, қолбасы, қолқанат т. б.

  2. Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, лха-ана, ас-су, бала- шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-желең, жауын-шашын, ой- пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, үрыс-керіс, иіай-су т. б.

  3. Құрама зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу ар- қылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ауыл ша- руаіиылығы, балалар бақіиасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғаждық еңбек, сары май т. б.

148

  1. Қысқарған зат есімдерге бірнеше сез-. ден күралып қысқарған зат есімдер жатады. Мысалы: ЦазССР, ҚазМИ, ҚазТАГ, ҚҚП, ҚЛКЖО, диамат, парт- ком, пединститут, см, мм, га, т, кз т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет