Список использованной литературы:
1. Ахметжанова А.Т., Сарыбаев М.С. Вопросы модернизации обучения педагогических
работников в Казахстане.
2. https://e-history.kz/ru/prominent-figures/show/12608/
3. Послание Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Стратегия
«Казахстан - 2050». Новый политический курс состоявшегося государства». 14 декабря 2012
года. Казахстанская правда. 15 декабря 2012 года.
4. Вестник КазНУ им.Аль-Фараби. Серия «Информационная». - № 3. 1988, с.18
108
ҰЛТ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Бірманова Қымбат Исланбекқызы,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Рудный қаласы білім бөлімінің
Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ
мектеп директоры
Дүрмекке толы дүние дүбірі жүріп өткенмен, тарихи дәуірдің шежірелік ізі сайрап
жатыр. Сәулелі үміттей жоғалмай, дәуірімізге жеткен құнды мұралар сыры кеткенімен сыны
кетпеген сырлыаяқ сынды. Түпкірінде қым-қуытты тарих сілемдері із қалдырған.
Елім деп емірене алатын әр адамның жүрегіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі етене
жақын. Ахмет Байтұрсынұлы - аса үздік ойдың тұлпары,қазақ мысалының негізін салушы,
аудармашы, көсемсөзші, түркітанушы, сегіз қырлы бір сырлы тұлға. Кесек-кесек еңбектер
жазып, ұлттық руханиятымызға қажет өте құнды зерттеулер, оқулықтар жазды. Еңбегі ерен,
білімі терең, халықтың зор борышын арқалаған заңғар тұлға. Көркем шығарманың қасиетін,
ой түйінін танытуда әдебиет теориясының рөлі айрықша. Қазақ әдебиеттануының алып
бәйтерегі еді. Ахметтің арын мазалап, азаматтық үнін айқындаған ана тілінің тағдыры туралы
мақалалары, толғаулары, жазбалары, ұлт тамырымен тұтасқан екені даусыз. Тілі жоғалса,
ұлты да жоғалатынын терең түсінген Алаш ардақтысы қолына қалам алып, елінің абыройын
ойлаған. Тіл тағдыры үшін тынбай табанды еңбек атқарды. Барлық саналы ғұмырын тіл
тағдырына, ұлт аманатына арнады. Сын сардары Ахмет Байтұрсынұлының «Тән көмілер,
көмілмес еткен ісім.. » деген өз сөзі дәлел. Оның тумысынан тектіліктің тал бесігінде
тербелген бекзат болмысы, уыз тәрбиесі, шығармаларында тамыры тереңге кеткен қазақ
иісінің аңқитыны көрініп-ақ тұр. Ұлт ұстазының өз сөзі: «Байтақ жер де, бай тіл де қазақтікі»
деген даналық сөзінен қазақ тілі тек қазаққа ғана тиесілі екенін ертеңгі елдің қамы үшін тер
төккені осыны айғақтап тұр.[1,1] Тіл тағдырына алаңдаған ұлттық рухқа қызмет еткен
қазақтың арда ұлы. Ұлт келбетінің бүгінгі қазақ қоғамына қосқан үлесі орасан зор. Тек ел
жадында сақталар естеліктердің, асыл мұралардың өшпейтіні де өзгермейтіні де баршаға аян.
Ұлты үшін бар өмірін арнаған ұлтының ұлылығын ұлықтаған аңыз адам. Ұлы ғалымның «Тіл
танытқыш» атты лингвистика ғылымы саласында ғаламат құбылыс ретінде қалдырып кеткен
жасамсөздерін атамай кету-қазақ тілі туралы сөз қозғап отырған бізге сын болар еді. Мысалы,
септік жалғаулары, сөз таптары, жұрнақ, жалғау, салалас құрмалас, сабақтас құрмалас,
анықтауыш, толықтауыш, бастауыш, баяндауыш, септік, үстеме...т.б. қазақтың өз төл сөзінен
жасамсөз жасаудың бұдан артық үлгісі бола ма? Қайраткерлік, ұлтты ұйыта білетін ізгілікті
қасиеті мықтылығы емес пе? Ұлтын сүюдің, оған қызмет етудің үлгісіне айналған қазақ
даласына білім шамшырағын жаққан Ыбырай Алтынсариннің, данышпан Абай
Құнанбайұлының, қазақ сөз өнері арқылы олардың рухани жолын жалғаған Алаштың
ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан
Жұмабайұлы, Мұхтар Әуезов т.б еңбектерінен адамдық борыш пен парыз, өрелі ой,
философияық мән, өрісті тұжырым, жаңа идеялар мен туындылары зияткерлік тұлғаларының
әлеуетінің көрсеткіштері. Ұлтымыздың жоғын жоқтап, қатардан қалмаудың қамын ойлап,
іргелі ел болудың іргетасын қалауда қылышынан қан тамған озбырлықтарға қарамастан
«Қазақ» газеті арқылы маңызды мәселелерді жариялап, арпалыса ат салысты. Қазақтың жан
айқайы сол газет беттерінде ұлылар жариялаған туындылары айғақтап тұр емес пе?
Қараңғылық түнегінен жарық сәулені өмірге қазақ балаларының білім алуына, оқуына
қаржылай көмек көрсеткені, келер ұрпаққа кемел білімдерін жеткізіп кеткені өз алдына. Ұлт
мұраты жолында бастарын қатерге тігіп, тар жолда намысты қолдан бермей, тәлкекті тағдырға
душар болды. Ахметті тану - қазақты тану. Өлеңдеріндегі тереңдік пен бөлек иірім өзіндік
астарлы өлшеммен, аса шеберлікпен береді. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының
109
арман-мүддесін, ескіліктен, надандықтан құтқаратын құралы - оқу-білім, өнер, ғылым, адал
еңбек, әділдік, адамгершілік үшін күресу екенін ұғындыра білді.
Қазақ елінің бақ жұлдызы - Ахмет Байтұрсынұлын заманында үлкен-кіші атын толық
атамай, «Ахаң» десіпті. «Жазығым не?» деп қоғамға сұрақ қойған, ақыры саясат құрбаны
болған Ахмет Байтұрсынұлы бір тұлғаға емес, мың тұлғаға жол бастаған кемеңгер. Ұлы Ахаң
еңбектері қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен
байытқаны мәлім. Сөз өнерінің үздік үлгісі де, сөз маржандарын еркін төккен жырларымен,
ой салар шығармалары ғасырлар қазынасын шежіре еткен, сол кезеңнен мағыналы тәрбиелі ой
естіледі. Барды бағалай білсек, ардақтау, әрқайсымыздың перзенттік парызымыз ғой.
Ахмет Байтұрсынұлы − бәрімізге ортақ тұлға. Тарих ортақ, тұлға ортақ, олай болса,
ғұлама Ахаң қазақ деген қасиетті халқымен бірге жасайтын әдеби мұрасы мәңгілік
жазушы. Оның ғибратты ғұмырынан сабақ алу тек бізге ғана емес, барша қазақ баласына
керек. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған парасат иесі.
Ахмет Байтұрсынұлы - өр тұлғалы, дара да дана тұлға, ұлт көсемі болған кемеңгер.
Қай шығармасын оқысаңыз да талғамының соншалық биіктігіне таң қаласың. Ойы - озық,
сөзі - нық, ісі - тындырымды. Арада қанша уақыт өтсе де, ұлы ақын ағаның дүниетанымы,
әдебиеттану деңгейі керемет. Іргелі халық үшін талант қанша болса да, көптік етпейді.
Қаламының сиясы тамған әр парақ - біздің өткен күндеріміздің өшпес белгісі. Түркітанушы
шығармалары жігеріңді жанып, намысыңды оятатын, ел болудың жасампаздығын, орамды
ойларымен жарқырата жазған еңбектері арқылы ел жақсысы, ұлт ұстазы Байтұрсынұлы Ахмет
атанғаны ақиқат. Алаштың арда ұлының тылсымға толы өмірінен сыр шертіп, өлеңдерінің
астарына үңіліп, оқырман ретінде жанымызға сүйеу, кез келген көзі қарақты қазақ іркілмей
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын атап та айта алады, жатқа да біле алады.
Поэзия - санадан биік құдірет дейді ғой бұрынғылар. Ең алғаш қалам тербеп, поэзиядан
бастауы да тегін емес. Білгір ақын өмірден көрген-білгендерін, көңілге түйгендерін, ой
елегінен өткізіп, үлкен түйін жасаған, соның бәрін кейінгі ұрпаққа ғибрат етіп кеткен. Оның
өлеңдеріндегі көркем сөз бедерлері, тағдырға еш мойымау, бірлікте болу, ақ пен қараның ара
жігін ажырата білу кескінін бере білген. Ақын өлеңдерін түр, мазмұн жағынан байыта,
жетілдіре түсті. Іс-әрекет, мінез құлық, ой-өрісін баяндау арқылы сол кездегі қоғамның
шындығын, өмір шындығының бет-пердесін ашты.
Осы жыл Ахмет Байтұрсынұлы бар ғұмырын тілімізге арнаған ана тiлiмiздiң жылы
болғалы тұр. Мәдениеттiң күшi - тiлде! Бұл ұлт ұстазының бізге қалдырған аманаты. Яғни,
дамыған әдеби және ғылыми тілі бар ұлттың болашағы айқын. Түрлі аумалы кез келген елдің
болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты
болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру
қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын
қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді
қамтамасыз етуі тиіс. «Ұлттық тіл - әр халықтың өзіне тән ой-санасын, парасатын, бүкіл
болмыс-тіршілігі мен сезім-түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күретамыр». Қазіргі заманғы
ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып
отыр. Ғалымның сындарлы еңбегін, терең тағылымы мен ұлағатын, бағасын білгенге аз мұра
емес. Зерттеулері іргелі ғалым үшін де, ынталы жас үшін де бағалы ақпарат көзі, ғұламалық
ғибрат. Түптеп келгенде, халықтың бiртұтас тағдыры үшiн, ұлттың бiртұтас арман-аңсары
үшiн дүйім дүниеге мәшһүр тұлғалы Ахметтің ірiлiгiн көре аламыз.
Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Байтұрсынұлы Ахметтің
негізгі ұстанымы болды. Ол қаймана қазаққа мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртына
көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей
жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Артында ұмытылмас ұлағат, өлмейтін өнегелі із
қалдырған ұлттық рухы биік тұлға. Ахметтің шығармалары, асыл сөздері шөлдеген
жанға - бұлақ, адасқанға–шырақ. Қазақ деген халық барда оның аты мәңгі жасай беретіні
ақиқат.
110
Достарыңызбен бөлісу: |