Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А. Байтұрсынов қазақ тілінде оқыту туралы / / Қазақстанның педагогикалық ой антологиясы
/ құраст. К.Б. Жарикбаев, С.К.Қалиев. - Алматы: Рауан, 1995. – 512 б.
2. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 том. – Алматы: «Алаш», 2004.
3. Байтұрсынов А. Мектеп қажеттіліктері //Қазақстанның педагогикалық ой антологиясы /
құраст. К.Б. Жарикбаев, С. К. Қалиев. - Алматы: Рауан, 1995. – Б. 18
4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050
Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсан. «Казахстанская правда». 2012 жылғы 15 желтоқсан.
ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ –АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ
Ерденова Гульдана Мирамовна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Арқалық қаласы білім бөлімінің
№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ел-жұрт жерімен, табиғатымен, салт-дәстүрлерімен мақтанса, мен туған жерімнің
ақын-жазушыларымен мақтанам! Ыбырай Алтынсарин қазақ жеріне тұңғыш «мектеп»
ұғымын әкелсе, Міржақып Дулатов атамыз «Оян, қазақ» деп қойдан да жуас қазақ халқын
оятуға, Тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. Ал Ахмет Байтұрсынов қазақ әліпбиінің негізін
қалады. Барлық жұрт Торғай жерін «Ахаң бастаған көш» деп атайды. Бұл мәртебенің өзі
қандай! «Өзі Торғай болса да, қырандарды дүниеге алып келген жер», - дейді Ғафу
Қайырбеков атамыз. Шынымен де осындай қарапайым мекен бола тұра, алыптарды туғызған
киелі жер мен тарих қойнауының алпауыттарымен неге мақтанбасқа?! Тұңғыш қазақ жеріне
жазу-сызу ұғымын әкеліп, қазақ әліпбиінің негізін қалап, қазақ графикасы мен ережелеріне
қатысты барлық ұғымды қалыптастырып, талдап кеткен Ахмет Байтұрсынов атамыздың орны
ерекеше. Айта кетсек, әліппе, мысалдар, әдебиет танытқыш, тіл тағылымы, тіл құрал және т.б.
Бұл оқулықтардың орны қазір педагогика саласында үлкен қазына іспеттес. Қазына дегеніміз
не? Қазына деген пайдасы мол қуаныш сыйлайтын дүние. Ал осы қазыналарды бізге мұра етіп
қалдырған кім? Ол - Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов деп тағы да мақтана айтар едім.
Мұхтар Әуезов былай деген екен: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі,
Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан
115
жылаған қазақ баласына қызмет еткен еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған
қайратын, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін істетіп үйренген большевиктер бұл ақиқатты
теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысты. Оны бар ғұмырын
адал қызмет қылуға арнаған туған халқына жау қылып көрсетіп, «халық жауы» деген жала
жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір де олар мақсаттарына жете
алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз
нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта
табысты [1].
Ахмет Байтұрсынұлының өзі дүниеден өтсе де, шығармалары, бізге мирас еткен
мұралары қалды. Ахмет Байтұрсынов өз шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Онда
ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, халықты оқуға, білім
мен ғылымға, еңбек етуге шақырды. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты
аударма жинағында 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген. Ахмет Байтұрсынов әрбір
аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін жұртшылықтың
сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
Ахаңның екінші кітабы «Маса» деген атпен 1911 жылы жарық көрген. Осы кітапта
ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық секілді кемшіліктерді
сынап айтты. Барша өлең жолдары сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан
Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік,
демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. «Қазақ
салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан
сөзі», «Бақ» өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой-өрнегі, сөз
орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс енгізді.
Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үшінші
санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атап айтуға болады. Қазақ
ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап,
1923 жылы «23 жоқтау» деген атаумен кітап етіп басып шығарды. Ахмет Байтұрсыновтың
қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жайында тұңғыш көлемді еңбегі – «Әдебиет
танытқыш». Зерттеуші мұнда сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері,
жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар сыңайлы жан-жақты зерттеулер енгізді. Сонымен қатар
мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бастапқы
бөлігі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен
сыры, тараулары мен тармақтары, тіл әуезділігінің қыруар шарттары жайлы, «сөздің өлең
болатын шарттары», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ
буындары», «ұйқастығы» жайлы сөз етіледі. Екінші бөлімінде «қара сөз бен дарынды сөз
жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары – шежіре, заман хат,
өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, сын, шешен сөз, әңгіме, романға сипаттама беріп кетеді.
Ахмет Байтұрсынов қалдырған бай мұраның тағы бір саласы – аударма ісі. Ол орыс
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға
мол үлес қосты. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен
жинақ қылып бастырды. И.И. Хеминицер, А.С.Пушкин, С.Я. Надсонның өлеңдерін қазақ
тіліне аударып жазды. Ол тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб
әліпбиінің мәселесі, қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы мақалалар жазды. Ахмет Байтұрсынов
қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуға көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы»,
«Тіл құралы», «Әліпби» сынды оқулықтарды ұсынды. Қазақ тілінің грамматикасына қатысты
категориялардың әрқайсысына қазақша термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді
жаңаша талдау мен жаңаша анықтамалар берді. Қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын
талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принциптерін
ұсынды.
116
Ахмет Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің қалыптастырушысы, іргетасын қалаушы,
түркітанушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ақын, ұлт жанашыры, педагог,
зерттеуші ғалым, қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы. Ұлт ұстазының қалдырған
мұраларымен жұмыс жасап, кейінгі ұрпаққа саналы да сапалы білім беру - ол біздің
мойнымызда. Қалдырған мұраны қастерлеу мен дәріптеу - біздің міндетіміз! Ахаң қалдырған
із – оқыту ізі. Ахаң қалдырған мұра – асыл мұра! Ал мұра дегеніміздің өзі мәңгі өшпейтін,
тарих қойнауында сақтала беретін алтын жақұт іспеттес! Қазақ халқының тілі мен жанының
сәні. Ендеше осындай тіл жанашыры, жеріміздің мақтанышы Ахмет Байтұрсыновқа неге өлең
жолдарын арнамасқа?!
Ұлт ұстазы,
Мақтанышы – Байтұрсынұлы Ахмет.
Ұлы мұрасы,
Ғасыр жасаған атамызға рақмет!
Ұлтжанды, ұлы дана,
Ұлағатты Ахмет.
Қазақ үшін, жан аямай, мал аямай,
Зерттеген бабамыз.
Әліпбидің негізін қалап,
Туынды еткен данамыз.
«Тіл құрал», «Қырық мысалы» керемет,
Әдебиетті танытқан,
«Әдебиет танытқышы» – ерен еңбек.
Публицист, ақын,
Жаны халқына жақын.
Жұрты үшін,
Жанын пида еткен
Ұлт жанашыры – Ахмет.
Ахаң бастаған көш өлмейді,
Туындылары еш өшпейді.
Ұрпақтан-ұрпаққа,
Болады үлгі, кемімейді.
Ахаң айтқан сөз өлмейді,
Сөздері мәрмәр іспеттес.
Ахаң жазған жыр өлмейді,
Жырлары жақын іске үндес.
Жарқын болашақ жастары үшін,
Жазды жырларды қалдырып,
Жаны жадыраған жандар үшін,
Мұра ол бізге мәңгілік.
Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын сөз ете отырып, бір шығармасын талдауды жөн
көрдім.
Достарыңызбен бөлісу: |