«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет53/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. «Қазақстан-ZAMAN» газеті. 2004, 28 мамыр. 
 
ТӘЛІМНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ - АХМЕТ МҰРАСЫ 
 
Дуйсенбаева Эльмира Еркинбаевна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
Тлебаева Кулаш Алдабергеновна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ 
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
Алаш үшін жанды қиған дарасың, 
Тәуелсіздік жыршысы боп қаласың. 
Әр қазағым ұлықтасын ұрпаққа,
Ұмыт қылмай Ахметтей баласын. 
Эльмира Еркінбайқызы 
 
 
Өз жүрегімнен шыққан осы бір өлең жолдарын елім деп еңіреген, халқым деп көкірегін 
кере ашып, елінің ертеңі үшін қаймықпай қарсы тұрған Ахмет ағамыздың рухына бағыштағым 
келеді. Әр жанның жүрегіне білім дәнін сепкен, ізгі ойлары мен тағлымы барша адамзат 
қоғамындағы ғылым мен білімнің дамуындағы дәстүр тұрақтылығының негізіне айналған, 
бүгінгі күннің мәңгі өшпес тұлғасы ол - Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары. 
Өткен тарихтың бетін парақтар болсақ, алтын әріппен ойып өзіндік орын алған ұстаз еңбектері
барша адамзаттың қоғамға сай рухани байлығын арттырудың көзі болып табылары сөзсіз. 
Ұлтқа адал қызмет атқарған, қазақ деген ұрпағына мәңгі азық қалдырған, сан ғасырлар 
бойы санаға сіңген, адам бойында тізбектеліп сұрыпталған биік ізеттілік пен ұлттық 
құндылықтар жүйесін тұлға бойына Ахмет әлемінсіз сіңдіру мүмкін бе? Кешегі тарихтың 
өзіндік болмысын, тағлым-тарихын Ахмет ағамыздың педагогикасы арқылы бойымызға 
ізгілендіріп, қабылданған құндылықтар жүйесін болашақтың жарқын болуына жол ашуға 
бағыттаймыз. Қазақ ғылым мен мәдениеті, оқу мен тәрбие ісі тарихына сіңірген еңбектерін 
бүгінгі демократия құрған дәуірде өмір шындығы дәлелдеп отыр.
Әлемде өзгермейтін бір құдірет-ол өзіндік болмыс болып есептеледі. Сол болмыс бізге 
анамыздың құрсағында жатқан сәттен басталып, шыр етіп жерге түскенімізде-ақ ана сүтінен 
нәр алдырып, әке тәлім-тәрбиесімен өркендеп, өмірлік жолдағы оң бағыттарымызға деген 
нәтижелі қадамдарымды білім шаңырағында толықтырып, барша мамандықтың иесін 
тәрбиелер ұстаздан бастау алдыртты. Сонда осы жандар біздің бойымызға қалыптастырған 
өзіндік болмысты өз бойларына қайдан сіңіртті екен, ә!? Бәлкім, білімнің кәусар көзіне 
айналған кітаппен сусындап, көз жанарларына ұйқы тығылғанша қолынан кітап тастамай, 
есепсіз сан парақталған беттерден өмірге қажетті тәлім мен тәрбиені алып отырғаны айдан 
анық. Сондай тәрбиенің сарқылмас бұлағы, таусылмас қазынасы, шежіренің бастау шегі 
кешегі қазақ сахарасының, астықты өлке Қостанайдың тумасы Ахмет Байтұрсыновтың құнды 
еңбектері десек қателеспеген болармыз. Ұлт жұмысын арымен атқарған Ахметтей данагөйден 


111 
қалған мұра, артындағы қазақ деген ұрпағына мәңгі азық болуда. Атап айтар болсақ

бұл күнгі 
қазақ тіл білімінің ғылымы аз ғана уақытта қаланбағаны баршамызға белгілі. Тілдің әуелі 
грамматикалық ілімін қалыптастырудан, сонан соң грамматикалық құрылымын зерттеп-
зерделеуден басталды. Мұны Ахметтің замандастарының өздері «Ахаң түрлеген ана тілі», 
«Ахаң салған әдебиеттегі асыл сөз» деп ұлықтаса, бүгінгі тәуелсіздік кезеңнің ғалымдары 
қазақ тіл біліміндегі «Байтұрсынұлы бастаулары» деп баян етуде. «Ахмет Байтұрсынұлының 
әдістемелік мұрасы» атты ғылыми зерттеу еңбегінде ағартушы әдіскердің еңбектерінің 
жазылу тарихы, әліппе мен оқулықтарының әдістемелік негізі, жалпы сипаттамасы жөнінде 
жасалған сараптамалық салыстырмалы талдаулар нәтижесінде қазақ тілін оқыту әдістемесі 
ілімінің іргетасын қалаушы екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шығарды. Ағартушының 
әдістемелік оқулықтары бүгінгі қазақ тілін оқыту ісінің негізі әрі сабақтастығын, тарихи тұлға 
мұрасының өміршеңдігін көрсетуде.
Әр адамның өмірі бір жұмбақ дүние. Құпия дүниенің ішінде сан мың арман жатары 
сөзсіз. Жұмбақтың кілтін тауып ашу, жүректің құпия сырын оқи білу - ол тек ұстаздың
қолынан ғана келетін іс шығар. Біз балаға тәлім мен тәрбие беру жолында Ахмет өмірінің 
педагогикалық идеяларының өнегелі жақтарын пайдаланып, қоғамда өмір сүруге қажетті 
әлеуметтік тәжірбиені қоғамдық тұрғыдан меңгерте отырып қызмет етіп келеміз. Әр тұлғаға
ұлы ұстаздың еңбектеріндегі төзімділік, сүйіспеншілік, татулық, бірлік сынды 
құндылықтарды сіңірту арқылы қоғамда өз орнын табуына бағыт беріп келеміз. Дәл қазіргі 
таңда 5 сынып оқушыларына «Адамдық диханшысы», «Егіннің бастары» өлеңдері арқылы 
ақыл-парасатын дамытуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, шынайы бола білуге, өз 
ісінен рахат алып, ғибраттануға, өз-өзін бағалай білетін, парасатты азамат болып өсуіне Ахмет 
атамыздың еңбектері баға жетпес асыл қазына болып табылары хақ екендігін күн сайынғы 
сабақта іс-әрекет барысында көз жеткіздіріп отырамыз. Құнды әңгімелері мен еңбектері
тәртіп қағидатының негізі, адамды тәрбиелеу ережесінің шындық символы болып есептеледі. 
Ұлы ұстаздың педагогикалық мұралары тәлімнің қайнар көзі болып табылатындығын осыдан-
ақ аңғаруға болатындай. Бүгінгі қоғамдағы жастардың санасын барша ұстаздар Ахметтің 
эстетикалық таныммен тұжырымдап отырса, әлеуметтік тұрғыдан өсіп-жетілуіміз, білімнің 
маңыздылығы мен мазмұндылығы, тұлғаның адамдық бейнесі, өмірге бейімделуі, өмір 
жолында әр басқан қадамдарына қажетті дағдыларының қалыптасу жолы нәтижелі болмақ.
Ұлы ағартушының «Қырық мысал», «Маса» жинақтары арқылы өмірдегі келеңсіз 
оқиғаларды сынау барысында әлсіздерге көрсетілген үстемдікті жануарлар мен хайуанаттарға 
теңестіре отырып, адам өмірінің бірінші алғы шарты рухани құндылық екендігін оқушымен 
қарым-қатынас, талдау, талқылау, шешім қабылдау ісіндегі белсенділік әрекеттер негізінде 
көріп келеміз. Бүгінгі жаһандану заманында әрбір құнды ұрпақ тәрбиелеуде үлгі бола отырып, 
адалдыққа, талаптылыққа, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік 
сияқты жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту жолында адами мінез-құлықтарды 
игере алуға тәрбиелуде. Әлемдегі барша адамзаттың сауатын ұлы Ахмет атамыздың
«Қазақ әліпбиі» - қазақ тілі әріптерінің жүйелі тізбегі, «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» 
деген еңбегімен ашып, сауат ашу, бала оқыту, болашақтың білімді тұлғасын тәрбиелеу, ұлтқа 
қызмет етуді өмірлік міндет етіп, ғұмырлық ұстанымға айналдырған ұстаздардың ұлысы 
Ахмет Байтұрсыновтың сара жолы, сол жолдағы сенім мен ізденісінің іздері, ұстаз 
тұлғасындағы адамгершілік бейнесі бүгінгі мұғалімнің шынайы келбетінде ойып сақталып 
қалғандай. Демек, ел сенім артатын, ел мақтайтын азамат болып ер жетуімізге, ынтымағы 
берік ел болуымызға, тамырымыздың терең өркендеп, сабағымыз бен бұтағымыздың сынбай, 
саялы болуына, имандылық пен ибалық, мінез-құлқымыздың түзу болуына үйрететін, бағыт 
беретін жол - Ахметтің педагогикалық мұрасы. Жүректегі ізеттілігіміз, болмыстағы мінезіміз,
мейірім мен таза ойымыз, білім мен ақылды ұштастыра білуіміз, адамшылық атаулының 
көрінісі екендігін дәлелдеп көрсететіндігімізді «Иттің достығы», «Досыма хат», «Қазақ 
салты», «Ғылым» т.б өлеңдерінен оқи отырып, қажетті қасиеттердің тізбегін бойымызға 
жинақтадық емес пе?


112 
Ұлтының ұранындай болып, ұлы даланың шартарабында үні саңқылдап естілген, 
рухтың жанартауындай келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен, езгінің тұтқынына 
қамалып, отына тұншықса да, баланың санасына білім құюын тоқтатпаған, қазақ тілінің негізгі 
іргетасын қалаған жанның бойындағы тылсым күшке қайран қалатының да рас. Өмірдің нақты 
тұтқасын ұстазсыз ұстау мүмкін бе? Ұстаздық өнер - тағлымы терең өнер. Ілім мен білімнің 
өркендеу жолындағы әрбір басқан қадамдарымызға кешегі Ахметтің тағлымды мұрасын 
ертеңгі болашаққа қалдырған асыл мұра ретінде ұлықтатып, көзіміздің қарашығындай сақтап, 
насихаттай білу - біздің, жастардың міндеті!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет