Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет45/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   255
 
 
парасатты бір кісіге жолықсам дейтін едің ғой
1
. Сен – сол 
кісісің (яғни саған да өлім келді). Енді маған айтып бер», – дейді. 
Сонда Амр ибн Ас: «Ей, ұлым! Аллаһпен ант етейін! Астым 
отта тұрған сияқты, бейне бір иненің көзінен дем алып 
жатқандаймын
2
және бір тікенді бұтақ табанымнан бастап 
бүкіл денемді бойлап сырып бара жатқандай», – депті. 
Яғни ақтық демін алып жатқан пенденің бүкіл ағзасы 
ауырсынып күйзеледі. 
Бұл – Құран мен хадистен кейінгі, сахаба ұлдың сауалына 
сахаба әкенің берген жауабындағы өлімнің ең тамаша 
сипаттамасы. 
Демек, жан беру, жанның тәннен бөлінуі оңай емес. Мұндай 
арпалыс сәтте адам бүкіл болмысымен жан шыдамас күйзеліске 
түседі. Бұл күйзелісті тек қана бір Аллаһ тағаланың мейірім-
шапағаты жеңілдетеді. Жоғарыда сипатталған өлім алдындағы 
күйзелісті Аллаһ тағаланың уәдесі бойынша шәһидтер сезбейді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) шәһидтердің жан тапсырулары жайлы: 
«Шәһид өлтірілудің ауыруын сезбейді. Тек қайсыбіріңді шіркей 
шаққанда ауырсынғандарың сияқты ғана (сезеді)», – деген
3

Адам баласының өлімді жек көруі 
Өлім келіп, жан шығуға таяғанда адам баласы бұл дүниені 
қимайды. Тіпті онда әлі де қала тұруды армандайды. Бұл сәтті 
Аллаһ тағала Құранда: «Қашан олардың біріне өлім келгенде, 
ол: «Раббым! Мені артқа (дүниеге) қайтарыңдаршы. 
Қалдырған нәрсемде (дүниеде) ізгі амал істейін»,—дейді. 
1
Амр ибн Ас дүниеден өтер шағында өлімнің арпалыс сәтіндегі өзінің 
басынан кешіп жатқан жай-күйін, сезімін сипаттап беру үшін пайым-
парасаты мол, ақылды бір кісіге жолығуды армандайтын. 
2
Тынысының тарылғанын айтқан. 
3
Әт-Тирмизи, ән-Нәсәи. 


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет